Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Апрель
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Мемлекеттік күзет қызметкерлерінің қару қолдану өкілетін кеңейту ұсынылды

0

Қазақстанда мемлекеттік күзет қызметі өкілдерінің қару қолдану өкілеті кеңеюі мүмкін: жекелеген жағдайда мемлекеттік күзет қызметкерлеріне қаруды ескертусіз қолдануға рұқсат берілмек.

Тиісті нормалар мәжіліс бірінші оқылымда қараған арнаулы мемлекеттік органдардың қызмет мәселелеріне қатысты заң жобасында қарастырылған. Құжат «Кейбір заңнамалық актілерге Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы деп аталады.

Құжатқа қарағанда, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу аймағында оған қатысатын мемлекеттік күзет қызметкерлері күш, арнайы құрал, қару-жарақ, әскери және өзге де техника, қызметтік жануарды ескертусіз және шектеусіз қолдана алады.

Бұған қоса, қажет жағдайда қызметкерлерге егер оларда арнайы жабдық немесе қару болмаса, кез келген қолжетімді құралдарды пайдалануға рұқсат етіледі.

Сонымен бірге заңда белгіленген қару-жарақ құрамында жоқ қаруларды да қолдануға рұқсат етілмек.

Мәжіліс депутаты Болат Керімбектің сөзінше, негізгі заң жобасы сонымен бірге талантты жастар мен IT мамандарын арнайы органдарға тартуды, дағдарыс жағдайларында қимылдау кезінде ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілетін анықтауды да қарастырады.

Құжат мемлекеттік құпияны қорғауды күшейтуді, атап айтқанда, "оны қорғау деңгейінің төмендеуін" ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер ретінде бекітуді ұсынады. Одан бөлек, экстремистік, террористік материалдарды тарату ғана емес, сақтауға да тыйым салынбақ.

Тиісті заң жобасы мемлекеттік құпияны қорғау бойынша талаптарды қайта бұзғандарға жауапкершілікті күшейтуді де қарастырады.

Одан бөлек, құжат мемлекеттік күзет қызметіне нұсқаманы орындамағандар үстінен өз бетінше әкімшілік хаттама түзу құқығын беруі мүмкін.

Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және президент, басқа да күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. 2014 жылы президентінің күзет қызметі мен Республикалық ұлан қосылып, Қазақстан президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі болып қайта құрылған. Оның құрамына өзгелермен қатар "Айбын" және "Батыр" полктары кіреді.

2022 жылы Қанды Қаңтар оқиғасы кезінде билік елге "террористер шабуылдағанын" мәлімдеп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ескертусіз оқ атуға" бұйрық берген. Ресми мәлімет бойынша, ол кезде 238 адам қаза болды. Құқық қорғау ұйымдары мен қаза болғандардың туыстары әділ тергеуді талап еткен.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net