Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Йемендегі хуситтер соғысқа ресми түрде араласты

0

Иран қолдайтын йемендік хуситтер Израильдің оңтүстігіне зымыран соққысын жасап, қақтығысқа араласқанын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Израильдің оңтүстігінде дабыл қағылып, зымыран қағып түсірілді

Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) мәліметінше, 28 наурызда таңертең Йемен аумағынан зымыран ұшырылған. Израильдің оңтүстігіндегі ірі елді мекен Беэр-Шева қаласында және оған жақын аудандарда әуе дабылының сиреналары іске қосылды. Әскерилер зымыранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы қағып түсірілгенін, зардап шеккендер жоғын хабарлады.

Айта кетейік, бұл - Иран төңірегіндегі жағдай шиеленіскен сәттен бергі хуситтер тарапынан жасалған алғашқы шабуыл.

Хуситтер нысаналы соққы жасалғанын мәлімдеді

Мәлімдемеде қозғалыс өкілдері шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойындарына алып, нысана ретінде Израильдің "сезімтал әскери объектілері" таңдалғанын айтты. Олардың сөзінше, соққы "баллистикалық зымырандардың жаппай ұшырылуы" арқылы жасалған.

Әскери араласу жөніндегі ескертулер

Шабуылдың алдында хуситтер қақтығысқа араласуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Қозғалыстың әскери қанатының өкілі Яхья Сари егер АҚШ пен Израиль коалициясы кеңейсе немесе Қызыл теңіз Иранға қарсы операциялар үшін пайдаланылса, топ тікелей әскери әрекеттерге көшуі мүмкін екенін айтқан.

Сондай-ақ, ол Иран мен "қарсылық осіне" қарсы әрекеттердің күшеюі жауап шараларына негіз болатынын атап өтті, алайда олардың сипатын нақтыламады.

Қақтығыстың кеңею қаупі

Бақылаушылардың бағалауынша, хуситтердің араласуы қақтығыстың аумағын кеңейтуі мүмкін. Қозғалыстың алыс қашыққа соққы жасау мүмкіндігі бар және Қызыл теңіз аймағындағы кеме қатынасының қауіпсіздігіне әсер ете алады.

Бұған дейін Иранға одақтас күштер Ливан мен Иракта басталған қарсы тұрысқа тартылған болатын. Ал хуситтер осы уақытқа дейін тікелей әскери әрекеттерге қатысатынын жарияламаған еді.

Хуситтердің ұстанымы және кейінгі мәлімдемелер

Яхья Сари өз үндеуінде қозғалыс Қызыл теңіздің Иранға немесе аймақтағы басқа елдерге қарсы "жаулық операциялар" үшін пайдаланылуына жол бермейтінін айтты. Сондай-ақ ол "Йемен қоршауының күшейтілуіне" жол берілмейтінін ескертті.

Бұдан бөлек, хуситтер АҚШ пен Израильдің Иранға және одақтас аумақтарға жасаған соққыларын тоқтатуға, сондай-ақ, Газа секторындағы атысты тоқтату жөніндегі келісімді орындауға шақырды.

Контекст

2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылынан кейін Газа секторында соғыс басталды. Осыдан соң хуситтер палестиналықтарды қолдайтынын мәлімдеп, Қызыл теңіздегі халықаралық кеме қатынасына шабуыл жасай бастады.

Кейін олар Израиль аумағына зымырандар мен ұшқышсыз аппараттарды да ұшырды, бұл Израиль мен АҚШ-тың Йемендегі олардың позицияларына жауап соққылар жасауына себеп болды.

Шабуылдар 2025 жылғы қазанда АҚШ-тың арағайындығымен Израиль мен ХАМАС арасында жасалған атысты тоқтату келісімінен кейін тоқтатылған еді.

Бұған дейін Иран өз аумағына, соның ішінде аралдарына құрлықтан басып кіру жағдайында Қызыл және Араб теңіздерін жалғайтын Баб-эль-Мандеб бұғазын жабуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Бұл бұғаз Йеменнің аумақтық суларының бір бөлігі болып саналады. Наурыздың ортасында жоғары лауазымды йемендік әскери қолбасшы Абед әл-Тавр хуситтер Иран жағында соғысқа араласқан жағдайда АҚШ пен Израиль үшін Баб-эль-Мандеб бұғазын жабуы мүмкін екенін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net