Астанада сауда орталығындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жанжал "Көктал" сауда орталығында болған. Бір топ жасөспірім төбелес шығарып, шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер (@aktivniy_selinograd_talapker)
Астана қалалық полиция департаменті жанжал шығарғандардың жеке басы анықталғанын хабарлады.
"Барлығы, олардың ішінде кәмелетке толмағандар да бар, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Сондай-ақ, полиция ата-аналарға балалар тәрбиесіне көбірек көңіл бөліп, олардың бос уақытын бақылап, қоғамдық орындардағы тәртіп нормаларын түсіндіріп отыру қажет екенін еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
