Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Жамбыл облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы кең көлемде өтті

0

Жамбыл облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Тағылымы терең республикалық бастама Наурызнама онкүндігінің «Тазару күнімен» тұспа-тұс келіп, өз мәнін одан әрі айшықтай түсті.

Іс-шараны Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігі өткізді.

Экологиялық акцияның басты мақсаты – табиғи су көздерін қорғау, бұлақтар мен өзен-көлдерді қоқыстан тазарту, сондай-ақ жастардың бойында табиғатқа жанашырлық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Акция аясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл ауданындағы Жалғызтал бұлағының көзін ашып, аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Игі іске өңір жастары белсенді атсалысты. Әсіресе, министрліктің бастамасымен Жамбыл облысында алғаш рет құрылған «Болашақтың қайнары» еріктілер қозғалысы ерекше белсенділік танытты. Бұл қозғалыс қатарына Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті студенттері де қосылып, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарға үлес қосты.

Нұржан Нұржігітов өз сөзінде еріктілердің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, «Болашақтың қайнары» бастамасы – еліміздегі су саласына бағытталған алғашқы еріктілер қозғалысы. Бұл жобаның Жамбыл өңірінен бастау алуы Тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ашылуымен тығыз байланысты. Алдағы уақытта игі бастама республика көлемінде жалғасын табады.

Өз кезегінде өңір басшысы бұлақтың көзін ашу – ата-бабадан жеткен асыл аманат екенін баса айтты.

– Қазақта «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген дана сөз бар. Өйткені бұлақ – тіршіліктің бастауы, өмірдің нәрі. Оның мөлдір суы – табиғаттың бізге тарту еткен ең асыл сыйы. Сондықтан бұлақтың көзін ашып, айналасын ретке келтіру – әрбір азаматтың ортақ парызы.

«Таза Қазақстан» бастамасы ел өміріндегі маңызды қағидаттардың біріне айналып отыр. Мемлекет басшысы айтқандай, тазалық – әр адамнан, әр үйден, әр көше мен әр қаладан басталуы тиіс. Себебі бұл – бір күндік шара емес, бұл – біздің өмір салтымыз. Осы игі іске үлес қосып жүрген барша азаматқа шынайы алғысымды білдіремін! – деді Ербол Қарашөкеев.

Шара барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев ақ батасын берді. Бекболат Орынбеков пен су саласының ардагері Берік Нұралиев акцияның қоғам мен жастар тәрбиесіндегі маңызына ерекше тоқталды.

Айта кетейік, «Мөлдір бұлақ» акциясы Жамбыл облысының барлық аудандарында жалғасын тауып, кең ауқымда өткізілді.

Сообщение Жамбыл облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы кең көлемде өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net