«Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз: бірлік пен берекенің мерекесі»
«Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз: бірлік пен берекенің мерекесі»
Автор: Аманкулова Назерке Балтабекқызы
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №122 жалпы білім беретін мектептің түлегі
«Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз: бірлік пен берекенің мерекесі»
Алматыда Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.
Ұлыстың ұлы күні — Әз Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктемнің жаңаруымен бірге келетін бұл ерекше мейрам Алматы қаласында биыл да кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті. Қала тұрғындары ұлттық құндылықтардыдәріптеп, салт-дәстүрді жаңғыртқан мерекелік шараларғабелсене қатысты. Соның бірі — Әуезов ауданында, Сайранкөлінің жағалауындағы демалыс саябағындаұйымдастырылған ауқымды мерекелік кеш болды.
Аталған мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудантұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Сайран көлінің маңында ұлттық нақышта безендірілгеналаңдар, киіз үйлер мен түрлі көрмелер қойылып, келгенжұртшылыққа қазақ халқының бай мәдениеті кеңінентаныстырылды.
Мерекелік кеш барысында елімізге танымал өнержұлдыздары сахнаға шығып, көрермендерге көтеріңкікөңіл-күй сыйлады. Әсіресе, әнші Ернар Айдардың өнеркөрсетуі жиналған көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Сонымен қатар, басқа да әншілер өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің ажарын аша түсті.
Шара аясында қала мектептері де белсенділік танытып, ұлттық тағамдардан көрмелер ұйымдастырды. Әр мектеп өздастарқанын жайып, қазақтың дәстүрлі тағамдарынкөпшілікке ұсынды. Сонымен қатар, түрлі жәрмеңкелерөтіп, қолөнер бұйымдары мен ұлттық өнімдер сатылымғашығарылды. Бұл көрмелер мен жәрмеңкелер мерекеніңмазмұнын арттырып, келушілердің қызығушылығын оятты.
Мен де осы мерекелік шара барысында аудантұрғындарынан сұхбат алып, олардың пікірлерін тыңдадым. Көпшілік мерекенің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанынатап өтіп, Наурыздың жыл сайын осындай кең көлемдеаталып өтуіне тілектестігін білдірді. Тұрғындар бір-бірінеақжарма тілектер айтып, мерекенің шынайы атмосферасынсезінгендерін жеткізді.
Наурыз мейрамы – тек ойын-сауық емес, ол адамдардыжақындастырып, бірлік пен татулықты нығайтатын ерекшекүн. Бұл күні үлкендер бата беріп, жастар ұлттықдәстүрлерді жаңғыртуға атсалысты. Әуезов ауданында өткенбұл мерекелік кеш те дәл осы құндылықтарды дәріптейалды.
Кеш соңында мерекелік көңіл-күй ұзаққа сақталып, әрбірқатысушының жүрегінде жылы естелік қалдырды. Осындайауқымды шаралар қаланың мәдени өмірін жандандырыпқана қоймай, ұлттық рухты көтеруге зор үлес қосатыныанық.
Алматыдағы Наурыз мерекесі биыл да жоғары деңгейдеұйымдастырылып, қала тұрғындары үшін ұмытылмасәсерге толы ерекше күндердің біріне айналды.
Қорытындылай келе, Наурыз мейрамы – ұлттың бірлігін, берекесі мен ырысын айшықтайтын ұлы мереке екені тағыбір мәрте дәлелденді. Осындай игі шаралар арқылы жасұрпақ ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, ата-баба дәстүрін жалғастыруға деген ынтасын арттырады. Бұл күнтек мереке ғана емес, өткен мен бүгінді жалғап, болашаққасеніммен қарауға жол ашатын ерекше рухани көпір іспеттес.
Әз Наурыз әр шаңыраққа құт-береке, бақ-дәулет әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, мұндай жарқынмерекелер әрдайым жалғасын таба берсін!
