Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылғы қазанда Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің инвестициялар және сауда бөліміне меңгеруші болып тағайындалды.

2024 жылғы ақпаннан бастап премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі қызметін атқарды, бұл қызметтен сол жылдың желтоқсанында кетті.

Оның міндеттеріне макроэкономикалық, бюджет, салық және кеден саясаты мәселелерін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін, қаржы секторын, тариф саясатsy үйлестіру; шағын және орта кәсіпкерлікті, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (концессияларды қоса алғанда) дамыту кірді.

Бұл қызметте Байбазаров инвестициялық саясат, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, статистика, жобалық басқаруды дамыту, халықаралық қаржы институттарын үйлестіру және Ұлттық банкпен өзара іс-қимыл мәселелеріне жауап берді.

Сонымен қатар, Нұрлан Байбазаров "Amanat" партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру, бизнес мәселелерін қарау және шешу (оның ішінде әкімшілік кедергілерді азайту, экономиканы демонополизациялау), орта мерзімді экономикалық саясат және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін реформалау мәселелерін қадағалады.

Сондай-ақ, Байбазаров заңсыз шетелге шығарылған қаржы қаражаттары мен сатып алынған активтерді қайтару және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының қызметіне жетекшілік етті.

Нұрлан Байбазаров туралы не белгілі?

Нұрлан Байбазаров 1975 жылғы 10 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы бастап, Қаржы министрлігінің бюджет департаментінде және мемлекеттік қарыз алу департаментінде түрлі қызметтер атқарған.

2004–2011 жылдары "Қазақстан даму банкі" АҚ-да жобаларды агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар бойынша басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, корпоративтік хатшы қызметтерін атқарды.

2013–2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің экономика салаларын дамыту департаментін басқарды.

Сонымен қатар, әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК", "ҚазМұнайГаз Консалтинг" және "ҚазМұнайГаз" ҰК" акционерлік қоғамдарында жұмыс істеді.

2016 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болды.

2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қазанға дейін "Қазақстан даму банкі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Сондай-ақ, "Бәйтерек" холдингін басқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net