Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

"Атажұрт" белсендісі отырған камерада төбелес болғаны хабарланды. Түрме әкімшілігі жоққа шығарды

0

“Атажұрттың” қамалған белсенділерінің бірі Бекзат Мақсұтханұлына түрмеде провокация жасалған болуы мүмкін. 19 наурыз күні қамауда отырған «Атажұрт» белсенділерімен кездесіп шыққан соң туыстары мен жақтастары осылай деп мәлімдеді.

Талдықорғанға барып келген Әсен Нұрсәнұлының сол жақтан алған ақпараты бойынша, "Бекзат Мақсұтханұлымен бірге отырғандардың бәрі оған қарсы шығып, соңы жанжалға ұласқан". Кейін Мақсұтханұлын басқа камераға ауыстырған.
Бекзат Мақсұтханұлының өзі бұл жөнінде әйеліне ештеңе айтпаған.
“Бекзатпен кездестім, көзінің қызарып тұрғанын байқадым. Бәрі жақсы деді. Бірақ та алаңдап қалдым. Үйдегілер, сырттағылар аман ба деп сұрады. Содан кейін сыртқа шығып, видеоүндеу жарияладық соттың созылуына байланысты. Сол кезде іште бір қысым болып жатқанын азаматтардан. Бекзат бұрыннан ашылып айта бермейтін” деді Бекзат Мақсұтханұлының жұбайы Нұргүл Ибраева Азаттыққа.
Адвокаты Шынқуат Байжанов Азаттыққа бұдан хабарсыз екенін жеткізді. 20 наурызда Азаттық “Атажұрт” белсенділері отырған Талдықорғандағы тергеу изоляторына хабарласты. Телефон тұтқасын алған қызметкер “жанжал болғанын” жоққа шығарды. “Жоқ, ондай [жанжал] болған жоқ. Ол үшін ресми түрде сауал жіберіңіз” деді.
"Атажұрттың" 19 айыпталушысына "араздық қоздыру" бабы бойынша айып тағылып отыр. Айыптау актісінде белсенділер "масс-медианы пайдалана отырып, ұлттық алауыздық қоздыру, сонымен бірге қытай ұлтының өкілдеріне қатысты ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау мақсатында ұйымдасқан түрде жиналған" деп жазылған. Мемлекет тағайындаған сараптама наразылық туралы видеоларда "ұлтаралық" немесе "ұлттық алауыздық қоздыру" белгілері бар деген қорытынды жасаған.Ал белсенділердің адвокаты Шынқуат Байжанов істің саяси астары бар деп санайды. Оның пікірінше, белсенділер қытай халқына емес, Қытай билігінің қудалау саясатына қарсылық білдірген. Ал бұл араздық қоздыру емес – мемлекет саясатын сынау.Белсенділерге тым ауыр айып тағылғанын бұған дейін кейбір депутаттар да айтқан.Қылмыстық іске былтыр 13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылы маңында өткен наразылық түрткі болған. Қолына Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің суретін ұстап шыққан бір топ адам Шыңжаңда түрлі желеумен ұсталып, "түзету лагеріне" қамалған қазақтарды босатуды және екі ел арасындағы визасыз режимді жоюды талап еткен. Акция барысында олар Қытайға жұмыс істеуге кетіп, кейін сол жақта ұсталған Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды елге қайтаруды Қытайдан талап еткен. Ізінше белсенділер қамалып, әуелі әкімшілік жауапқа тартылды, кейін оларға қылмыстық іс бойынша айып тағылды.Бұған дейін АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі Джеймс Макговерн Қазақстан билігін "Атажұрт" тіркелмеген ұйымының 19 мүшесін дереу босатуға үндеген. Оның алдында осыған ұқсас үндеуді Amnesty International мен Human Rights Watch ұйымдары жасаған.Бұл іс бойынша сот процесі 2 сәуірде жалғасады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net