Жаңа Конституция бойынша референдум: алдын ала қорытынды жарияланды
Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОСК мәліметінше, алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адам болған.
Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санынан 9 миллион 127 мың 192 адам немесе 73,12 пайызы.
"Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтар саны - 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15 пайызы".
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жаңа Конституция бойынша өткен республикалық референдумның экзитпол нәтижелері жарияланған болатын.
Еуразиялық интеграция институты мәліметіне сәйкес, жаңа Конституцияны 86,7 пайыз сайлаушы қолдаған. Ал "Социс-А" институтының сауалнамасына сәйкес, жаңа Конституцияны қабылдауды 87,4 пайыз қатысушы қолдаған.
Қоғамдық саясат институты жүргізген экзитпол нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 88,6 пайызы жаңа Конституцияны қолдаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
