Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

ОРК: Референдумда сайлаушылардың 51 пайыздан астамы дауыс берді

0

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, Конституция жобасы бойынша референдумда елде сайлаушы ретінде тіркелген азаматтардың 51 пайызы дауыс берген. Яғни 6,4 миллион азамат референдум бюллетенін алған. Қазақстан бойынша шамамен 12,5 миллион адам дауыс беруге құқына ие.

Ең белсенді қатысып жатқан Абай, Ақмола, Ақтөбе облыстарында 60 пайыздан астам адам дауыс берген. Алматы қаласындағы көрсеткіш – 21 пайыз.

Референдум туралы заң бойынша, дауыс берушілердің жалпы санының 50 пайыздан астамы бюллетень алса және аймақтардың 3-тен 2-сінде де көрсеткіш 50 пайыздан асса, референдум өтті деп саналады.

15 наурыздағы референдумда қазақстандықтарға: "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда БАҚ-та жобасы жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген жалғыз сұрақ қойылып жатыр.

Осы кезге дейін Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев, бұрынғы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, қазіргі парламенттің екі палатасының спикерлері, премьер-министр мен министрлер референдумге дауыс берді.

Конституция жобасында қос палаталы парламенттен бір палаталы парламентке көшу және парламент мүшелігіне өзін өзі ұсынудан бас тарту көзделген – депутаттар партиялық тізім бойынша бес жыл мерзімге сайланады. Бұған қоса елде вице-президент деген жаңа лауазым енгізіледі.

Конституция жобасының авторлары ол "әділетті де прогрессив Қазақстанды құруға", адам құқықтарын қорғау тәртібін нақтылауға, елдің тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтуға әсер етеді дейді. Жобаны жақтаушылар президент өкілеті бір жылмен шектелетінін, онда күшті президент, ықпалды парламент және есеп беретін үкімет қағидасы нақтыланғанын айтады.Жаңа Конституция жобасын сынағандар оның асығыс жасалғанын, көпшілікпен талқы жеткіліксіз болғанын айтады және жобада билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен теңгерім механизмі бұрынғыдан да нашарлап, президенттің қолына көп билік берілетініне назар аударады.Референдум қарсаңында оны сынаған адамдарды қамау оқиғалары болды. Жобаны сынаған Elge Qaitaru қорының жетекшісі Оразалы Ержанов екі айға қамауға алынды. Билік оған азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіруге тырысты деген айып тақты. Бұған қоса журналист, блогерлер мен қоғам белсенділерінің Конституция жобасын сынға алған пікірлері әлеуметтік желілерден жоғалып кетіп, біразы кейін қайта қалпына келді.Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Қажеттілікті бағалау миссиясы (Needs Assessment Mission) 28 ақпанда Қазақстандағы референдумге дайындық барысын сынға алған . Бюро сарапшылары референдумге дайындыққа, сайлаушылардың жан-жақты ақпарат алып, таңдау жасауына аз уақыт берілгеніне ерекше назар аударған.ДИАҚБ сарапшылары "уақыт аз берілгендіктен", 2026 жылғы 15 наурызда өтетін дауыс беруге референдумды бақылау миссиясын емес, шағын құрамдағы референдумды бағалау миссиясын жіберу жөнінде шешім қабылдағанын хабарлаған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net