Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тоқаев: Жаңа Конституция ел тұтастығын, тәуелсіздігін және егемендігін бекемдейді

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №51 учаскеде Конституция жобасы бойынша референдумда дауыс берді.

Ақорданың баспасөз қызметі Тоқаев дауыс берген соң осы учаскеде "отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді" деп хабарлады.

Содан біраз бұрын ол жерден полиция Азаттық тілшісі Жолдас Өрісбайды және бұрынғы тілшісі Сәния Тойкенді ұстап әкеткен. Оларды "құқығын түсіндіру үшін" Алматы аудандық полиция басқармасында үш сағат ұстап, босатқан.

Дауыс беру учаскесінде өткен брифингте Тоқаев Euronews телеарнасының, отандық бірнеше ақпарат құралының Конституция, Ирандағы ахуал және АҚШ-тың сыртқы саясаты туралы сұрақтарына жауап берген.

"Жаңа Конституция еліміздің аумақтық тұтастығын, тәуелсіздігін және егемендігін бекемдейді, –деді әлі дауыс беру аяқталмай және дауыс санау басталмай тұрып жобаны "жаңа Конституция" деп атаған Тоқаев. – 1995 жылы қабылданған Конституция өз рөлін атқарды. Еліміз осы құжат бойынша 35 жыл өмір сүрді, бірақ уақыт бір орнында тұрмайды. Жаңадан Негізгі заң қабылдайтын уақыт келді. Оны дайындауға өзім де белсенді қатыстым, Конституцияның кіріспесінің тұжырымдамасын және басқа да бірқатар ережелерді жеке өзім ұсындым. Жаңа негізгі заң елге және оның болашағына қызмет ететініне сенімдімін".

Конституция жобасында қос палаталы парламенттен бір палаталы парламентке көшу және парламент мүшелігіне өзін өзі ұсынудан бас тарту көзделген – депутаттар партиялық тізім бойынша бес жыл мерзімге сайланады. Бұған қоса елде вице-президент деген жаңа лауазым енгізіледі.

Конституция жобасының авторлары ол "әділетті де прогрессив Қазақстанды құруға", адам құқықтарын қорғау тәртібін нақтылауға, елдің тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтуға әсер етеді дейді. Жобаны жақтаушылар президент өкілеті бір жылмен шектелетінін, онда күшті президент, ықпалды парламент және есеп беретін үкімет қағидасы нақтыланғанын айтады.Жаңа Конституция жобасын сынағандар оның асығыс жасалғанын, көпшілікпен талқы жеткіліксіз болғанын айтады және жобада билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен теңгерім механизмі бұрынғыдан да нашарлап, президенттің қолына көп билік берілетініне назар аударады.Референдум қарсаңында оны сынаған адамдарды қамау оқиғалары болды. Жобаны сынаған Elge Qaitaru қорының жетекшісі Оразалы Ержанов екі айға қамауға алынды. Билік оған азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіруге тырысты деген айып тақты. Бұған қоса журналист, блогерлер мен қоғам белсенділерінің Конституция жобасын сынға алған пікірлері әлеуметтік желілерден жоғалып кетіп, біразы кейін қайта қалпына келді.Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Қажеттілікті бағалау миссиясы (Needs Assessment Mission) 28 ақпанда Қазақстандағы референдумге дайындық барысын сынға алған . Бюро сарапшылары референдумге дайындыққа, сайлаушылардың жан-жақты ақпарат алып, таңдау жасауына аз уақыт берілгеніне ерекше назар аударған.ДИАҚБ сарапшылары "уақыт аз берілгендіктен", 2026 жылғы 15 наурызда өтетін дауыс беруге референдумды бақылау миссиясын емес, шағын құрамдағы референдумды бағалау миссиясын жіберу жөнінде шешім қабылдағанын хабарлаған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net