Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Медициналық қызмет сапасын арттыру: Үкімет 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекітті

0

Үкімет Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстанда медициналық көмектің сапасын басқаруды жетілдіру жөніндегі 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжат деректерге, цифрлық құралдарға, жасанды интеллект технологияларына негізделген медициналық қызметтердің сапасын бақылаудың және басқарудың заманауи үлгісіне көшуге бағытталған.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, жоспар медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде жақсартуға, процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге және реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар жүйелі шараны жүзеге асыруды қамтиды.

Негізгі мақсат – пациент медициналық қызметтердің сапасын бағалау және бақылау процестерінің белсенді қатысушысына айналатын модель қалыптастыру.

Құжатта жүйені дамытудың төрт стратегиялық бағыты анықталған:

— медициналық қызмет көрсету саласындағы реттеуші құралдарды жаңғырту;

— жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, сапа сараптамасының жаңа моделін қалыптастыру және Ұлттық сапа институтын құру;

— кәсіби медициналық қоғамдастық пен пациенттердің рөлін күшейту;

— сапаны басқару жүйесінің цифрлық трансформациясы.

Жоспарды жүзеге асыру медициналық көмектің сапасын реттеудің бірыңғай жүйесін қалыптастыруға, медициналық ұйымдар қызметінің ашықтығын арттыруға және басқарушылық шешімдерді объективті деректер негізінде қабылдауға мүмкіндік береді.

Кешенді жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай медициналық қызметтер сапасының негізгі көрсеткіштерін жақсарту көзделіп отыр.

Сапаны басқару жүйесіне цифрлық трансформация жүргізіледі. Атап айтқанда, профилактикалық бақылау жүйесін енгізе отырып, сарапшының автоматтандырылған жұмыс орны құрылып, лицензиядан кейінгі бақылау процестері цифрландырылады.

Заңнамалық өзгерістер аясында 2028 жылдан бастап ТМККК және МӘМС аясында қызмет көрсететін медициналық ұйымдарды міндетті аккредитациялау талабын енгізу, сондай-ақ аккредитациядан кейінгі мониторинг жүргізу ісін цифрландыру жоспарланып отыр.

Медициналық ұйымдарды лицензиядан кейінгі мониторинг қамту деңгейі 70%-ға жетеді, ал олардың кемінде 80%-ы жаңа стандарттар бойынша аккредиттеледі.

Сонымен қатар Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы базасында әдіснамалық және талдамалық орталық функцияларын атқаратын Ұлттық сапа институтын құру жоспарланып отыр.

Институт қызметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының техникалық қолдауымен жүзеге асырылып, Қазақстанда пациенттердің қауіпсіздігі бойынша халықаралық деңгейде мойындалған үздік стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, медициналық көмектің сапасын басқару процестерінде медициналық қауымдастық пен пациенттердің рөлін күшейту көзделген. Кәсіби бірлестіктер сапаны тәуелсіз сараптауға және мамандардың клиникалық ойлауын бағалауға тартылады. Сонымен қатар пациенттерді қолдау қызметін цифрландыру азаматтардың өтініштеріне нақты уақыт режимінде жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ 2028 жылға дейін медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін толығымен цифрландыру және 2027 жылы сапа сараптамасының үш компонентті моделін енгізу жоспарланып отыр.

2028 жылға қарай медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау жағдайларының кемінде 20%-ы жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Жоспарды жүзеге асыру жүйенің барлық қатысушысының іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді, сапаны басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Елімізде медициналық қызметтерді лицензиялау жүйесі жаңартылатынын жазған болатынбыз.

Медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек ҚҚС-тан босатылды.

 

Сообщение Медициналық қызмет сапасын арттыру: Үкімет 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекітті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net