Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

0

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады? Бұл сұраққа комиссия жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОСК Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында комиссия елдегі сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесін басқаратын тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік орган екенін хабарлады.
ОСК Президент пен Мәжіліс депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастырады, Сенат депутаттарының сайлауын басқарады, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының қызметін бақылайды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елде жергілікті деңгейде сайлау тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Мысалы, 2025 жылы Қазақстанда 1028 сайлау өтті.
Атап айтқанда:

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдерін сайлау — 914;
аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау — 8;
бірмандатты округтерде шығып қалған депутаттардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау — 106.

Сонымен қатар комиссия Қазақстан сайлаушыларының бірыңғай электронды тізілімін жүргізеді. Деректерді тексеру жылына екі рет 1 қаңтар мен 1 шілдеге дейін әкімдіктер ұсынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
Жұмыстың тағы бір бағыты — сайлауды ұйымдастырушыларды оқыту. 2025 жылы ОСК 5 офлайн және 2 онлайн республикалық семинар өткізді, оған 937 сайлау ұйымдастырушысы қатысты.
Ал аумақтық сайлау комиссиялары 6 800-ден астам оқыту іс-шарасын өткізіп, сайлау процесіне қатысатын 115 мыңнан астам адамды қамтыды.
Сондай-ақ ОСК жанында консультативтік органдар жұмыс істейді. Олардың қатарында сарапшылар кеңесі, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы мен жас сайлаушылар клубы бар.
Алдағы референдум
2026 жылғы 11 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда референдум 15 наурызда өтеді. Бұл жексенбі.
Референдум бюллетенінде "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады.
Қазақстан азаматтары "Иә, қабылдаймын" немесе "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net