Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда жүргізушілерді бақылау күшейеді: не өзгерді?

0

12 наурыздан бастап Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енді. Түзетулер мемлекеттік жүйелерді цифрландырум және заманауи технологияларды пайдаланумен байланысты, - деп хабарлайды TengriAvto.
Негізгі жаңалық — құқықбұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу мүмкіндігі кеңейеді. Бұл ретте ережелер мен тыйымдар өзгермейді: тек құқықбұзушылықтарды анықтау тәсілдері өзгереді.
Не өзгереді?
Енді әкімшілік құқықбұзушылықтар камера, басқа техникалық құрылғылар және мемлекеттік жүйелердегі деректерді өңдеу арқылы автоматты түрде тіркеледі.
Егер жүйе құқықбұзушылықты тіркеп, құқықбұзушыны анықтай алса, ол полиция қызметкерінің қатысуынсыз жауапқа тартылады.
Осындай барлық жүйе Әкімшілік өндірістердің бірыңғай реестрімен интеграцияланады.Қандай құқықбұзушылықтар автоматты түрде тіркеледі?
Камералар бұрынғыдай негізгі жол қозғалысы ережелері бұзылғанын тіркейді:

жылдамдықты асыру;бағдаршамның қызыл түсі жанғанда өту;жол белгілері мен таңбаларын бұзу;дұрыс тоқтамау немесе тұраққа қою;жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу.

Сонымен қатар қазіргі камералар арнайы өлшемді қажет етпейтін басқа ереже бұзу жағдайларын да тіркей алады:

көлік тізгінінде телефон қолдану;қауіпсіздік белдігін тақпау.

Жүйе кейбір құқықбұзушылықтарды мемлекеттік базалардағы деректер бойынша автоматты түрде анықтай алады. Мысалы:

техникалық байқаудың мерзімі өткен;жарамды сақтандыру полисінің болмауы;рұқсат құжаттарының мерзімі өткен.

Құқықбұзушылық үшін кім жауап береді?
Егер құқықбұзушылық көлікті пайдалану кезінде жасалып, автоматты түрде тіркелсе, жауапкершілік көлік иесіне жүктеледі.
Дегенмен заңда ерекшеліктер қарастырылған. Егер құқықбұзушылық кезінде көлікті басқа адам басқарғаны анықталса немесе көлік заңсыз әрекеттер салдарынан оның иелігінен шыққан болса, көлік иесі жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.ІІМ не дейді?Ішкі істер министрлігінде Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне енгізілген түзетулер технологияның дамуымен және процестерді цифрландырумен байланысты деп түсіндірді.
Бұрын автоматты режимде тек алты құқықбұзушылық түрі тіркелетін. Қалғандарын полиция қызметкерлері анықтайтын.
Енді технологиялар құқықбұзушылықтарды автоматты түрде көбірек тіркеуге мүмкіндік береді, кейбірі мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер бойынша анықталады.
Ведомствода мәліметінше, бұл өзгерістерге сәйкес жаңа тыйым енгізілмейді — заң талаптары өзгермейді.
Сондай-ақ ІІМ кейбір БАҚ-та тараған автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартады деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл жүйелер тек көлік құралдарымен байланысты құқықбұзушылықтарды тіркеуге арналған.
Министрлік цифрлық технологияларды қолдану құқықбұзушылықтарды жылдам анықтауға және жол қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі деген сенімде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net