Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстандықтар тыйым салынған контентті репост жасағаны үшін жазалануы мүмкін

0

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) ақпараттық кеңістікте құқыққа қайшы контентті анықтауға арналған ережелерді әзірледі. Құжатқа сәйкес, мұндай материалдарды таратқандарға бұғаттау, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, ҚМА өз құзыреті шегінде ақпараттық кеңістіктегі заңға қайшы контентті анықтау үшін тұрақты мониторинг жүргізеді.Қандай ақпарат тексеріледі?
Агенттік ашық дереккөздерде жарияланған ақпаратты бақылап, талдайды. Олардың қатарына мыналар кіреді:

интернет-ресурстар;әлеуметтік желілер;мессенджерлер;бұқаралық ақпарат құралдары;басқа да ақпараттық-коммуникациялық платформалар.

Сонымен қатар ҚМА мониторинг жүргізу кезінде жеке деректерді қорғау туралы заң талаптары сақталатынын атап өтті.Құқыққа қайшы контент анықталса не болады?
Егер тексеру барысында құқыққа қайшы материал анықталса, агенттік бірнеше шара қолданады:

егер қылмыстық құқықбұзушылық белгілері болса, іс қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес қаралады;қылмыстық белгі болмаса, материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға жіберіледі;егер телекоммуникация желілерінде Қазақстан заңдары немесе сот шешімдерімен тыйым салынған материалдар анықталса, оларды бұғаттау үшін массмедиа саласындағы уәкілетті органға хабарлама жолданады.

Мұндай хабарлама жіберілген кезде ҚМА ақпараттық жүйеге тиісті деректерді енгізуі тиіс. Оның ішінде:

ұсынылған мәліметтердің заңдылығы мен негіздемесі;анықталған материалдардың заңға қайшы екенін дәлелдейтін скриншоттар болуы керек.

Қандай контент заңға қайшы деп танылады?
"Ашық НҚА" порталында жарияланған жобаға сәйкес, бұл ережелер былтыр Парламент қабылдаған құқықбұзушылықтың алдын алу туралы заң аясында әзірленген.
Мәжілісте заң жобасы қаралған кезде заңға қайшы контентті жариялағаны және таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесі айтылған. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға сәйкес, заңға қайшы контентке мыналар жатады:

конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге немесе Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзуға шақыру;мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру;соғысқа үгіттеу;әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе рулық артықшылықты насихаттау;қатыгездік пен зорлық-зомбылық культін, суицидті, порнографияны, есірткі және психотроптық заттарды насихаттау;сепаратизм, алаяқтық және ұлтаралық немесе конфессияаралық келісімді бұзуға ықпал ететін ақпарат.

Сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттілігі мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін мәлімдемелер, мемлекеттік құпияларды жария ету немесе заңмен тыйым салынған басқа да ақпараттар заңға қайшы контент ретінде қарастырылады.
Репост үшін де жауапкершілік болуы мүмкін
Заң жобасы Парламентке түскеннен кейін әлеуметтік желілерде тек заңсыз контентті жариялағандар ғана емес, оны бөліскендер де жауапқа тартылады деген пікірлер тараған.
Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов растаған. Оның айтуынша, жауапкершілік тек контентті жасағандарға ғана емес, оны таратқандарға да қатысты болады.

"Бұл жерде нақты: кім таратады, кім жариялайды, кім бөліседі, бәрі де жауапкершілікке тартылады. Егер адам видео түсіріп, өз парақшасына жарияласа, ол міндетті түрде жауап береді. Ал егер біреу құқыққа қайшы видеоны репост жасаса, ол да тиісті бап бойынша жауапқа тартылады", - деді депутат.

Магеррамовтың айтуынша, тіпті адам өз парақшасында зорлық-зомбылыққа шақыратын немесе басқа да заңға қайшы мазмұндағы видеоны заң бұзушылық екенін атап көрсетіп жариялаған күннің өзінде, ол бәрібір мұндай контентті таратушы болып есептеледі.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net