Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

3,6 миллион теңгеге дейін. Ақпанда кімдерге ең жоғары жалақы ұсынылды?

0

2026 жылғы ақпанда Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 99 мың бос жұмыс орнын жариялады. Ал жұмыс іздеушілер 124,9 мың түйіндеме орналастырған. Бұл туралы еңбек нарығына жүргізілген талдау нәтижесінде белгілі болды, - Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтің қорғау министрлігі мәліметінше, қаңтармен салыстырғанда жарияланған вакансиялар саны 3,7 пайызға (3,7 мыңға) азайған. Ал түйіндемелер саны 23,1 пайызға (37,5 мыңға) қысқарған.Қай салаларда сұраныс жоғары?
Салалар бойынша қарағанда, жұмыс күшіне деген ең жоғары сұраныс дәстүрлі түрде әлеуметтік сала мен қызмет көрсету секторында байқалады.
Ең көп бос жұмыс орны білім беру саласында тіркелген - 26,9 мың вакансия. Сонымен қатар:

өзге қызмет түрлері - 14,6 мың;денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету - 9,4 мың;өңдеу өнеркәсібі - 8,6 мың бос жұмыс орны.

Осы салалар еңбек нарығындағы негізгі сұранысты қалыптастырып отыр.Қандай мамандарға сұраныс көп?
Біліктілік деңгейі бойынша вакансиялардың басым бөлігі орта біліктілікті талап ететін жұмыстарға тиесілі - 44,2 пайыз. Ал жоғары білікті мамандарға арналған ұсыныстар 34,4 пайыз, ал біліктілікті қажет етпейтін жұмыстар 21,4 пайыз болады.
Ең көп вакансия қай өңірлерде?Өңірлер бойынша ең көп бос жұмыс орны мына аймақтарда тіркелген:

Павлодар облысы - 8,1 мың;
Астана - 7,8 мың;
Түркістан облысы - 7,4 мың;Қарағанды облысы - 6,6 мың;
Алматы - 6,3 мың вакансия.

Жұмыс іздеушілердің ішінде ең жоғары белсенділік Түркістан облысының тұрғындары арасында байқалған - 16,8 мың түйіндеме (13,4 пайыз).
Сондай-ақ:

Астана - 10,2 мың (8,2 пайыз);
Алматы облысында - 9,5 мың (7,6 пайыз);
Алматы - 9,2 мың (7,4 пайыз) түйіндеме жарияланған.

Жас және гендерлік құрылым
Жұмыс іздеушілердің ішінде ең белсенді топ - 35 жасқа дейінгі жастар. Олар барлық түйіндеменің 42,3 пайызын құрайды.
Сонымен қатар:

35–44 жас - 26,7 пайыз;45–54 жас - 19,8 пайыз;55 жастан асқандар - 11,2 пайыз.

Гендерлік тұрғыда әйелдер басым: олар барлық түйіндеменің 54,6 пайызын құраса, ерлердің үлесі 45,4 пайыз.
Ең жоғары жалақы ұсыныстары
Ақпанда жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақы мына мамандықтарда тіркелді:

мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі инженер-әзірлеуші - шамамен 3,6 миллион теңге;құрылыс саласындағы жобаның бас технологы - 2,8 миллион теңге;материалтану технигі - 2,2 миллион теңге.

Ал жұмыс іздеушілер тарапынан ең жоғары жалақы күтілімдері:

ұшқыштар - шамамен 3,3 миллион теңге;инвестициялық жобалар жөніндегі директорлар - 2,1 миллион теңге;оқу курстарын әзірлеушілер - 2 миллион теңге.

Еңбек нарығындағы жалпы жағдай
Жалпы алғанда, ақпанда Enbek.kz платформасындағы еңбек нарығында жыл басымен салыстырғанда белсенділік біршама төмендегені байқалады.
Соған қарамастан, жұмыс берушілердің негізгі сұранысы әлеуметтік салада, қызмет көрсету секторында және жұмысшы мамандықтарында сақталып отыр. Ал еңбек ұсынысы жағынан оңтүстік өңірлерден келген жұмыс іздеушілер мен жастардың белсенділігі жоғары болып қалуда.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net