Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Әйелдерді мерекесімен құттықтаған Тоқаев референдум мен Конституцияны сөзге қосты

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты қазақстандық әйелдерді құттықтады. Ақорданың баспасөз қызметі құттықтау мәтінін жариялады.

"Қазақ аруларының парасаттылығы мен батырлығы жұртымыздың жадында жатталып, тарихында таңбаланып қалған. Осы сабақтастық қазір де сақталып отыр. Көптеген қыз-келіншектер Отанымызға қалтқысыз қызмет етіп, мектептер мен университеттерде, емханалар мен зертханаларда, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда, өнер мен бизнесте, өндіріс орындары мен шаруашылықтарда, әскери бөлімшелерде және ел өмірінің басқа да салаларында абыройлы еңбек етіп жүр", деген Тоқаев.

Тоқаевтың мерекелік құттықтауында "жаңа Халық Конституциясы жобасының өзегі – еліміздің Тәуелсіздігі, егемендігі, аумақтық тұтастығы, азаматтардың мүдделері мен құқықтары" екені айтылған.

"Референдумға шығарылған жаңа Ата заңның жобасында ана мен баланы қорғау, неке және отбасы институтын күшейту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамда заңды құрметтеу, табиғатты аялау, әділдік, еңбекқорлық, жауапты және жасампаз отаншылдық қағидаттарын орнықтыруға баса мән берілді", дейді президент.

Қазақстанда 15 наурыз күні Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өтпекші. Ақорда конституцияға енгізілмек өзгертулерді "жаңа тарихи дәуірдің талаптарына сәйкес мемлекетті қайта құру және қоғамдық сананы жаңарту" деп түсіндіреді. Ал кейбір заңгерлер мен құқық қорғаушылар жоба президент билігін одан сайын күшейтіп, биліктің заң шығарушы тармағының рөлін төмендетіп, азаматтардың құқығын шектейді деп есептейді. Үкімет жанындағы құрылымдар мұндай пікірді жоққа шығарып, оларды "аңыз" деп атады.

Құқық қорғаушылар елде жаңа Конституция жобасы немесе референдумды сынаған азаматтар қуғын көріп, кейбірінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтады. Ресми Астана елде ешкім саяси ой-пікіріне бола қудаланбайды дейді.

Құрамына Қазақстан да енген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Қазақстандағы жаңа Конституция жөніндегі референдумға дайындық туралы есебінде үкімет бұл шараға тым аз уақыт берген, сөз еркіндігі бойынша бұрынғы ұсыныстар орындалмаған, әкімшілік ресурсты орынсыз қолдану ықтималдығы жойылмаған деп сын айтқан.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net