Норвегиядағы АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды
Норвегия астанасы Ослодағы АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Полицияның NRK телеарнасына хабарлауынша, жарылыс 8 наурызға қараған түні АҚШ елшілігінің кіреберісіне жақын жерде болған. Ғимаратқа аздаған зақым келгенімен, ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазір полиция қызметкерлері куәгерлерден жауап алып, күдіктілерді іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, оқиға орнына тексеру жүргізіліп жатыр.
Елшілік орналасқан Сёркедальсвейен көшесі көлік қозғалысы үшін уақытша жабылды.
Police in Oslo, Norway have now confirmed that the U.S. Embassy was targeted earlier tonight by an explosive device, with the device detonating around 1:00a.m. outside the consular entrance to the Embassy, resulting in minor injures and damage, according to a statement provided… pic.twitter.com/AvAzOapmH0
— OSINTdefender (@sentdefender) March 8, 2026
Еске салайық, бұған дейін Иран Дубайдың туристер көп шоғырланатын ауданындағы 23 Marina Tower биік тұрғын үйіне соққы жасағанын мәлімдеген еді. Тегеранның мәлімдеуінше, шабуылдың нысанасы америкалық әскери қызметкерлер болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
