Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

ҰБТ тапсыру ережесі өзгерді

0

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережесі өзгертілді. Енді емтиханға тіркеліп, бірақ тестілеуге келе алмаған талапкерлер оны басқа күні тапсыра алады. Тиісті бұйрыққа ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қол қойды, - деп хабарлайды Tengri Education.Құжат 2017 жылдан бері қолданыста болған ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізеді.Өткізіп алған тестілеуді басқа күнге ауыстыру
Жаңа ережеге сәйкес, ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп, бірақ емтиханға келмеген талапкерлер тестілеу кезеңі ішінде кейінгі күндердің бірінде бос орын болған жағдайда тест тапсыра алады.
Ол үшін дәлелді себеп болу керек:

ауру немесе ауруханаға жатқызу;жақын туысының қайтыс болуы;республикалық немесе халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға немесе спорттық жарыстарға қатысу;төтенше жағдай.

Мұндай жағдайда Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына өтініш жазып, растайтын құжаттарды қоса тапсыру қажет.Өтініш беру мерзімі бекітілді
Ережеде тестілеуге қатысу үшін өтініш беру кезеңдері де белгіленген. Өтінішті онлайн түрде:

20–30 желтоқсан; 15–25 ақпан; 10–25 сәуір; 25 шілде – 5 тамыз аралығында беруге болады.

Тіркелу кезінде талапкер тестілеу пунктін, емтихан күнін және уақытын таңдайды.
Егер талапкер өтініш беру мерзімін өткізіп алса, бос орын мен дәлелді себеп болған жағдайда, оған кейін тіркелуге мүмкіндік беріледі.
Мұндай себепке ауру, жақын туысының қайтыс болуы, олимпиадаға қатысу немесе төтенше жағдай кіреді.
Апелляция беру тәртібі өзгертілді
Тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында нәтижені талдау картасы — жауап нұсқалары мен жиналған балдар көрсетіледі.
Талапкерге нәтижемен танысып, апелляция беру немесе тестілеуді аяқтау туралы шешім қабылдау үшін 10 минут беріледі.
Апелляцияға өтінішті тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беруге болады. Апелляция нәтижесі 30 жұмыс күні ішінде шығады.
Бір мамандық үшін пәндер комбинациясы өзгерді
"Химиялық инженерия және процестер" білім беру бағдарламалары тобы үшін бейіндік пәндер комбинациясы түзетілді.
Бұл мамандыққа түсу үшін келесі пәндерді тапсыру керек:

химия,физика немесе биология.

Тест құрылымы өзгерген жоқ. Талапкерлер бұрынғыдай Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы мен екі бейіндік пән бойынша тест тапсырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net