Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Март
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Хаменеидің өлімінен кейін Израиль мен Иран бір-біріне тағы соққы жасады

0

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеидің қазасынан кейін де Израиль Ирандағы нысандарға соққысын жалғастырып жатыр. Тегеран қарымта соққы жасады.

1 наурызда таңертең АҚШ-тың Иранға әрі қарай да әуеден соққы жасағаны жайлы ресми ақпарат болмады. Алайда АҚШ қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілі Азат Еуропа/Азаттық радиосына Америка соққысы "әлі де жалғасып жатыр" деп мәлімдеді. Бұған дейін АҚШ басшысы Дональд Трамп "жаппай және нақты бомбалау" бір апта бойы немесе одан да ұзақ жалғасуы мүмкін деген еді.

Пентагон басшысы Пит Хегсет X желісінде "Иран режимінде мүмкіндік болды, бірақ ол келісімнен бас тартты, енді салдарын көріп жатыр" деп жазды.

Соққы аймақтағы жағдайды ушықтырды: Тегеран Израиль мен Американың әскери нысандары орналасқан араб елдеріне соққы жасап жатқан шақта Таяу Шығыста әуе дабылы іске қосылды.

Карачидегі АҚШ консулдығына шабуылБір топ студент АҚШ-тың Карачидегі (Пәкістан) консулдығына басып кірмек болған кезде жеті адам қаза болды. Онда құқық қорау органдары мен шииттік саяси партиялармен байланысты «Имамия» (ISO)студенттер ұйымы мүшелері арасында атыс болған.

Оқиғадан кейін Машал радиосы (RFE/RL) түсірген видео мен фотоларда ғимараттың жанып жатқаны, бір мотоциклдың күйіп кеткені көрінеді. Оқиға орнында пәкістандық қауіпсіздік күштері жүр.

Қақтығыс сонымен бірге АҚШ-тың Бағдаттағы (Ирак) елшілігі маңында да болған. Ал АҚШ-тың Маскаттағы (Оман) елшілігі өкілдеріне астана аумағынан тыс жерге "жасырынуға" бұйрық берілген. Омандағы порттардың біріне де дронмен шабуыл жасалғаны хабарланды.

Израиль қорғаныс әскері (IDF) X желісінде "соңғы 24 сағат ішінде миллиондаған израильдіктер Иранның ракета атқылауына байланысты осымен 20-рет жасырынып жатыр" деп жазды.

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары Хаменеидің өліміне жауап ретінде соққы жасайтынын хабарлағаннан кейін Дубай мен Қатар астанасы Дохада тағы да жарылыс дүмпуі естілді.

Иранның жоғары лауазымды шенеунігі Әли Лариджани Америка-Израильдің әуе соққысынан кейін уақытша жаңа басқарушы кеңес құрылатынын мәлімдеді. Хаменей мен бірнеше жоғары лауазымды тұлға Америка мен Израильдің 28 ақпан күнгі соққысынан мерт болған.

"Тарихтағы ең жауыз адамның бірі өлді" деп жазды Трамп 28 ақпанда Truth Social желісінде.

Кейін Иран билігі Хаменеидің қазасын растады. Мемлекеттік БАҚ Хаменеидің бас кеңесшісі Әли Шамхани мен Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Мұхаммед Пакпурдың да опат болғанын растады.

Иранның бірнеше қаласында – Тегеран, Карадж, Шахавар және Исфаханда жұрт тойлап жатқаны хабарланды.

Кейбір видеожазбаға қарағанда Шираз бен Абдананда көлік сигналдары естіліп, жұрт қаңтарда үкіметке қарсы наразылық кезінде қаза болғандардың суретін ұстап, еске алған.

AFP сонымен бірге Хаменеидің жақтастарының да акциясы өткенін хабарлады: 1 наурызда мыңдаған халық Тегеран алаңына жиналып, аза тұтқан.

Иран аймаққа қарымта соққы бередіТегеран Израиль мен Американың әскери базалары орналасқан тағы жеті мемлекетке соққы жасады.

АҚШ әскери теңіз күштерінің бесінші флоты шоғырланған Бахрейн ракета шабуылы туралы хабарлады. АҚШ пен Иран арасында Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзінде араағайындық танытқан Қатар да барлық ракетаны атып түсіргенін мәлімдеді.

Трамп Иранға ядролық бағдарлама бойынша келісім жасамаса соққы жасайтынын айтып ескерткен еді. Батыс Тегеран ядролық қару жасауға тырысып жатыр деп күдіктенеді, ал Иран бағдарламаны бейбіт сипатта дамытып жатқанын айтады. Тараптар арасындағы келіссөзден ешқандай нәтиже болмады.

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Минаб қаласындағы қыздар мектебіне жасалған соққыдан қаза болғандар саны 148 адамға жеткен.

Батыс журналистеріне оқиға орнына барып, ақпарат таратуға рұқсат етілмеді, осылайша бұл мәлімет әзірге тәуелсіз дереккөздермен расталған жоқ.

Израильдің жедел көмек қызметі Тель-Авив аумағында 40 жастағы әйел қаза болып, кемінде 21 адам жарақат алғанын хабарлады. Жарылыстар ирандық ракетаның түсуінен туындады ма әлде оларды атып түсіргеннен кейін түскен бөлшектерден келді ме, ол жағы белгісіз.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 28 ақпанда шұғыл жиынын өткізді. Бас хатшы Антониу Гутерриш әскери қимылды жедел тоқтатуға шақырды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net