Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Февраль
2026

Боливияда ақша тасымалдаған ұшақ апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты

0

Боливияда ақша тасымалдаған ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан 20 адам қаза тауып, шамамен 20 адам жарақат алды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Марсела Флорес мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Unitel-ге сілтеме жасап.

"20 адам жараланғаны, тағы 20 адам қаза тапқаны расталды", - деді ол журналистерге.

Министр зардап шеккендерге көмектесу үшін азаматтарды қан тапсыруға шақырды. Зардап шеккендердің көпшілігінің жарақаты ауыр.
Жұмада Боливия әскери-әуе күштеріне тиесілі ұшақ Эль-Альто қаласындағы адам көп жүретін автожолға құлады. Экипаждың сегіз мүшесінің алтауы аман қалған, біреуі із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Билік бастапқыда ұшақ қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, әуежай маңындағы тасжолда тұрған көліктермен соқтығысқанын мәлімдеген. Кейінірек қорғаныс министрлігі оның қонып жатқанда құлағанын мойындады.
Әуе кемесі елдің Орталық банкі үшін ақша тасымалдап бара жатқан. Апаттан кейін ұшақ маңына жергілікті тұрғындар жиналып, ішінен шашылып қалған ақшаны жинап алып кетуге тырысып, өртсөндірушілер мен дәрігерлердің жұмысына кедергі келтірген. Полиция адамдарды тарату үшін газ қолданған. Алайда адамдар қайта-қайта келе берген.

Ақша жинауға ұмтылған топты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға тура келген. Банкноттарды ұрлауға байланысты кемінде 12 адам ұсталды.
Боливияның Орталық банкі ұрланған банкноттарды алып кеткен адамдарды оларды қайтаруға шақырды. Банк өкілдері бұл ақшалардың айналымға енгізілмегендіктен, жарамсыз екенін түсіндірді.

Боливиялықтар апат орнына қайта-қайта ұмтылып, банкноттарды ұрлаған соң, жергілікті полиция бума-бума ақшаны өртей бастаған.

"Бұл банкноттар заңды төлем құралы емес, олар айналымда жоқ. Сондықтан біз оларды өртеуге кірістік, ал бұл банкноттарды иеленген кез келген адам заңға қарсы әрекет етеді... Бұл ақшаның барлығы өртеледі", - деді Unitel арнасына Орталық банк басшысы Давид Эспиноса.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net