Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28

“Әйелдің ішкиімін киіп, суретке түскен“ ер адамның ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

0

Петропавлда әйелі мен балаларын соққыға жығып, әйелдердің ішкиімімен түсірілген ерсі видеолар жариялап жүрген ер адам ата-ана құқығында шектелді. Сот дәл осындай шешімді оның әйеліне қатысты да қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Бұл оқиға былтыр қарашада белгілі болды. Көпбалалы анаға қатысты зорлық-зомбылық туралы дабыл "НеМолчи.kz" қоғамдық қорының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Онда жәбірленуші әйел күйеуінен қорлық көріп жүргенін, соның салдарынан мүгедектікке ұшырағанын айтқан.

"Әйел ұзақ жылдар бойы күйеуінен қорлық көрген. Ол әйеліне талай жарақат салған: әйелдің ағзасына ота жасалған, кейін бас сүйегіне трепанация жасатқан. Бірақ бұл да күйеуін тоқтатпаған. Ол әйелдің басынан ұра берген. Әйел есінен танып, құлап қалатын болған. Ақырында бір күні әйел жүрмей қалған", - делінген "НеМолчи.kz" жазбасында.

Қордың хабарлауынша, әйел күйеуінен қашып, анасының үйіне барған, алайда кәмелетке толмаған бес бала әкесімен бірге қалған.
Сондай-ақ, ер адам балаларға да агрессив әрі оғаш мінез көрсеткені анықталған. Бұған дәлел ретінде қазақстандықтың TikTok-та жариялаған видеолары келтірілген. Онда әйелдің ішкиімін киіп алған ер адам түсірілген.

"Балалар қараусыз қалған. Әкесі еш жерде жұмыс істемейді, балалардың анасынан жәрдемақы түсетін картаны тартып алған", - делінген бұған дейінгі "НеМолчи.kz" хабарламасында.

Қамау, арнайы есеп, сот
Оқиғаға полиция қызметкерлері ден қойып, олар қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандарымен бірге отбасының тұрғылықты жеріне барған. Әйелдің арызы бойынша отбасы-тұрмыстағы қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін әкімшілік іс қозғалды.
Нәтижесінде Петропавл қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ер адамды кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындаған. Сонымен қатар, сот оның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеп, 12 ай бойы әйелінің келісімінсіз оны және балаларын көруге тыйым салған.
Полиция ата-ананы арнайы есепке қойған, сондай-ақ, істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберген.
Кейін Петропавл қаласының білім бөлімі балаларды ата-анасымен қалдыру қауіпті деп есептеп, әкесі мен анасына қатысты сотқа талап-арыз түсірген. Екеуі де жұмыс істемеген және балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындай алмаған, ал анасы денсаулығына байланысты да бұл міндеттерді толық атқара алмаған.
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл істі жабық режимде үш ай қараған.

"18 ақпанда сот бес балаға қатысты екі ата-ананың да ата-ана құқығын шектеу туралы шешім шығарды. Белгілі бір шарттар орындалса, алты ай өткен соң олар құқығын қайта қалпына келтіруге әрекет жасап көре алады", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне облыстық соттың баспасөз қызметі.

Tengrinews.kz мәліметінше, қазір бес бала өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында.
"Ата-ана құқығын шектеу" деген не?
"Неке және отбасы туралы" кодекстің 79-бабына сәйкес, сот баланың мүддесін ескере отырып, ата-ананы ата-ана құқығынан айырмай-ақ, баланы ата-анасынан уақытша алып, ата-ана құқығын шектеу туралы шешім қабылдай алады.
Ата-ана құқығын шектеуге, егер баланы ата-анасымен қалдыру оған қауіпті болса, яғни:

ата-ананың еркінен тыс жағдайлар бойынша (психикалық бұзылыс немесе өзге созылмалы ауру, ауыр өмірлік жағдайлардың тоғысуы);
ата-ананың мінез-құлқына байланысты, бірақ ата-ана құқығынан айыруға жеткілікті негіздер анықталмаған жағдайда.
Егер ата-ана мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-ана құқығын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң ата-ана құқығынан айыру туралы талап қоюға міндетті.

Ата-ана құқығын шектеу ата-ананы баланы асырау міндетінен босатпайды.
Сот ата-ана құқығын шектеген ата-ана баланы (балаларды) жеке өзі тәрбиелей алмайды. Сондай-ақ, оларға тиесілі жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақыларға құқықтан айырылады.
Егер екі ата-ананың да құқығы шектелсе, балалар қорғаншылық және қамқоршылық органының қарауына беріледі.
Ата-ана құқығы шектелген ата-ана баламен байланыса алады, бірақ бұл балаға зиян келтірмейтін жағдайда өтуі керек. Ол үшін қорғаншылық органдарының немесе баланың қазіргі мекемесінің әкімшілігінің рұқсаты қажет.
Егер ата-ананың ата-ана құқығын шектеуге негіз болған себептер болмаса, ата-ананың талап-арызы бойынша сот баланы ата-анасына қайтару және шектеу салдарын жою туралы шешім шығарады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net