Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28

Жаңаөзеннің бірнеше тұрғыны Конституция жобасына қатысты пікірлерін айтты

0

Жаңаөзенде бірнеше адам видеомәлімдеме жасап, елде "халықпен тиісті деңгейде талқыланбаған жаңа Ата заңды референдумға шұғыл түрде шығаруды құптамайтындықтарын" айтты.

"Біз, жаңаөзендік бір топ азамат, мемлекеттің болашағына алаңдай отырып, еліміздің тағдыры таразыға түсіп тұрған шақта билік тарапынан асығыс дайындалған, халықпен тиісті деңгейде талқыланбаған жаңа Ата заңды референдумға шұғыл түрде шығаруды құптамайтындығымызды, ондай реформаларды қолдамайтындығымызды мәлімдейміз" деді мәлімдемені оқыған жаңаөзендіктердің бірі.

Тұрғындар мәлімдемеде қазақ тілінің ахуалы, құрылтайға депутаттардың партиялық тізіммен сайлануы, президенттің өкілеті сияқты қоғамда қызу талқыланған мәселелерге назар аударады.

"Қазақтардың үлесі 80 пайызға жуықтаған моноұлтты мемлекет бола тұра түрлі желеумен орыс тілін мемлекеттік тілмен тағы да қатар қою билік басындағылардың өз мүдделері үшін жасаған, қазақ тіліне жасаған қиянаты деп білеміз. Ата заңның 9-бабының 2 тармағы толық алынып тасталмағандықтан біз де қарсымыз" деді тұрғындар.

Олар 53-бапта көрсетілгендей депутаттардың құрылтайға тек партиялық тізім бойынша сайлануы нағыз әділетсіздік деп есептейтіндіктерін айтты.

"Бұл партия қатарында жоқ бұқара халықтың 90 пайызының сайлауға деген құқығынан айырады. Депутаттардың кемінде 50 пайызы мажоритарлық жүйемен сайлануы тиіс. Шынайы тәуелсіз партиялық бүгінгі күні Қазақстанда түрлі кедергілер арқылы тіпті тіркеуге алынбауына байланысты сайлаулардан шет қалмақшы. Мұндай сайлау жүйесіне де қарсымыз" деді олар.

Мәлімдеме авторлары "жаңа Конституция суперпрезиденттік жүйені күшейтіп жібере ме" деп қауіптенетіндіктерін де жеткізді.

"46-бап бойынша президент тікелей конституциялық сот төрағасын, Жоғарғы сот төрағасын, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасын, бас прокурорды, ҰҚК төрағасын, Ұлттық банк төрағасын, ОСК төрағасын, аудиторлық палата төрағасын, мемлекеттік күзет бастығын, ҚР Адам құқығы жөніндегі уәкілін тағайындайды не босатады. Ал бұдан өзге премьер министрді, құрылтай спикерін, вице-президент лауазымдарын құрылтайдың келісімімен тағайындайды. Егер құрылтай екі рет мақұлдамаса президент оны таратуға құқылы. Бұл парламенттің заң шығару тетігін де президентке бағынышты ету деген сөз" деді олар.

21 ақпанда жарияланған видеомәлімдемені 6 мыңнан астам адам қараған, 500-ден астам адам лайк басқан.

Қазақстанда Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурызда өтеді.

Ақорда конституциялық түзетулерді «жаңа тарихи дәуірдің талаптарына сәйкес мемлекетті қайта құру және қоғамдық сананы жаңарту» қажеттілігі ретінде түсіндіреді. Ресми Астана бұл түзетуді екі палаталы парламенттен бір палаталы парламентке көшудің бөлігі ретінде мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға бағытталған қадам ретінде ұсынады.

Жоба мәтінімен танысқан заңгерлер мен құқық қорғаушылардың айтуынша, жоба президенттің билігін күшейте түседі, биліктің заң шығарушы тармағының рөлін төмендетіп, азаматтардың құқығын шектейді.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі құрылымына енетін Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы Конституция жобасы президент билігін күшейтеді деген пікірлерді жоққа шығарып, оларды "аңыз" деп атады.

16 ақпанда Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстанда Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгертулер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік жүйесіне және адамның негізгі құқықтарына қатер төндіреді, атқарушы билікті бақылау тетіктерін әлсіретеді және билікті президенттің қолына шоғырландырады деп мәлімдеді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net