Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28

“Өте бақыттымын“. Софья Самоделкина Олимпиада туралы айтты

0

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы өнеріне баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Отандасымыз осы жарыста бар күшін салғанын айтты.

"Қазіргі деңгейіме сай өнер көрсеттім. Дайындаған бағдарламамды толық орындадым. Сондықтан өте бақыттымын. Жанкүйерлердің қолдауы өте керемет. Әр жарыста соған қайта-қайта таңғаламын. Әлеуметтік желілерде Қазақстаннан арнайы ұшып келіп, қолына ту ұстап, мені қолдаған адамдардың бейнежазбаларын көріп жүрмін. Тіпті, тәтем мен немере ағам мені қолдау үшін Германиядан арнайы келді. Әрине, мұндай қолдау үлкен күш береді. Саған қол соғып, сол энергияны сезінгенде өзіңді еркін ұстайсың", - деді спортшы.

Софья Самоделкина баршаға алғысын айтты.

"Олимпиадада өнер көрсетуді бір ауыз сөзбен айтып жеткізу қиын. Әсіресе еркін бағдарламадан кейін көңілің толқып, жүрегің алып-ұшып тұрады. Осында жүргеннің өзі - зор бақыт, ал бәрі ойдағыдай болғанда қуанышың тіпті еселене түседі. Менің арманым орындалды деп айта аламын. Барша адамға армандап, сол арманына сенуді тілеймін. Сол кезде ол міндетті түрде орындалады", - деді спортшы.

Спортшы бұл Олимпиадаға өте жақсы дайындалғанын айтты.

"Бірдеңе дұрыс шықпай қалса ше?" - деген ой мүлде болған жоқ. Жаттығуда өз жұмысымды толық атқардым. Онда неге мұнда күмәндануым керек? Мен жарысқа нық сеніммен шықтым. Қысым емес, тек толқу болды. Өйткені сен мұзға шығып: "Уау, мен Олимпиададамын" деп айтасың. Бұл - қорқыныш емес, эмоцияның әсері. Алда әлі мені 2026 жылғы әлем чемпионатында көресіздер. Миша екеуіміз Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамытып жатқанымызға өте қуаныштымын. Бұл - өте жақсы іс. Миша нені қаласа, мен де соны қалаймын. Бізді қолдайтын және енді ғана осы спортқа келген барлық балаға айтарым - армандаңыздар, тілектеріңізге сеніңіздер және өз жолдарыңызбен жүріңіздер. Артқа қарамаңыздар, жолдан тайдырғысы келетін артық сөз бен қажетсіз адамдарға құлақ аспаңыздар. Өз жүрегіңізге сеніңіздер", - деді Самоделкина.

Еске салайық, Самоделкина 2026 жылғы Олимпиадада жеке рекордын жаңартып, жалпы есепте 10-орын иеленді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net