Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28

Бұрынғы ханзада Эндрю "Эпштейн ісі" бойынша ұсталды

0

Ұлыбритания королінің бауыры Эндрю Маунтбеттен-Уиндзордың америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысы тексеріліп жатқан тұста 19 ақпанда таңертең полиция "қызметті өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікпен бұрынғы ханзада Эндрюді ұстады. Бұл жөнінде BBC және The Telegraph басылымы жазды.

Бұрынғы ханзада өзінің туған күнінде ұсталып отыр – бүгін ол 66-ға толды. Полицияның хабарламасында ұсталған адамның аты-жөні айтылмайды, тек "шамамен 60 жастағы ер адам" деп сипаттайды. "Беркшир және Норфолктағы" үйлерінде тінту жүріп жатқаны хабарланды.

Бейсенбі күні таңертең алты полиция көлігі Эндрю Маунтбеттен-Уиндзор тұратын Норфолк графтығындағы Сандрингем үй-жайына барған.

Ақпан айында Эпштейннің ісі бойынша жарияланған құжаттарда аты аталған жоғары лауазымды тұлғаларға тағылатын жаңа айыптарды тексеру үшін Ұлыбританияда арнайы үйлестіру тобы құрылған. Дерекке қарағанда, бұрын Ұлыбританияның сауда өкілі қызметін атқарған Эндрю Маунтбеттен-Уиндзор Эпштейнге құпия материалдарды берген.

Бұған дейін Эндрю өзіне тағылған айыптарды терістеген.

2021 жылы Америка азаматы Вирджиния Джуффре Эндрюді өзіне жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптаған. Оның сөзінше, Эпштейн оны ықпалды адамдармен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, арасында ханзада Эндрю де болған. Джуффре өзіне қол жұмсаған, оның өлімінен кейін Ұлыбританияда мемуарлары жарық көрген.2025 жылы күзде Эндрю Эпштейнмен байланысы үшін ханзада атағынан айырылған. Ол сонымен бірге Йорк герцогы және орден кавалері атақтарынан да бас тартқан. 2022 жылы ол король отбасының мүшесі міндетін атқаруды тоқтатып, құрметті әскери атақтарынан бас тартқан.Биыл қаңтарда ВВС сайты жаңа зерттеуінде қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаев 2007 жылы Эндрю ханзададан Саннингхилл-парк зәулім сарайын жемқорлық ісіне қатысы бар компания арқылы сатып алған деп жазған еді.Эпштейнге қатысты құжаттарда Қазақстанның бірінші президентінің бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиев пен Назарбаевтың есімдері де аталатынын бұған дейін Азаттық жазған. Құжат Әлиевтің сол кездегі президент Назарбаевпен көп жылғы текетіресінен хабар береді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net