Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Жамбыл облысында Жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі өңірлік коалиция құрылды

0

Жаңа Конституция – ел болашағына бағытталған стратегиялық қадам: Жамбылда коалиция жұмысы басталды

 Жамбыл облысының жетекші партиялары мен қоғамдық бірлестіктері «Халықтық Конституция үшін» коалициясына бірікті

 Жамбыл облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы құрылды.  Құрамына өңірдегі бес жетекші саяси партияның төрағалары мен өкілдері, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, Жастар Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, заңгерлер қауымы мен Ардагерлер ұйымы өкілдері енді. Облыстық коалиция 53 мүшеден тұрады.

Бүгін өңірде коалицияның алғашқы отырысы өтіп, оның жұмыс жоспары таныстырылды. Өңірлік коалиция жетекшісі Дауыл Бейсенқұлов алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттарды атап өтті. Оның айтуынша, Жаңа Конституция жобасы Күшті әрі Әділетті Қазақстан құрудың негізін қалыптастырып, саяси жүйені қоғам сұранысына сай жаңғыртуға бағытталған. Құжат биліктің барлық тармағының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.

– Жаңа Конституция – Мемлекет басшысы қолға алған түбегейлі саяси реформалардың заңды жалғасы әрі шарықтау шегі. Құжатта қамтылған жаңашыл нормалар саяси жүйе архитектурасын қоғамның жаңа сұранысына сай жаңғыртуға бағытталған. Бұл билік тармақтарының тиімді әрі теңгерімді жұмысын қамтамасыз етіп, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Сонымен қатар елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына берік негіз қалайды. Жаңа Конституцияда адам құқығы мен бостандығы басты құндылық ретінде айқындалып, мемлекеттің негізгі байлығы – табиғи ресурстар ғана емес, білімді, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ екені нақты көрсетілген. Бұл – ел болашағына бағытталған стратегиялық ұстаным, – деді Дауыл Бейсенқұлов.

Ал, өз кезегінде коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасы саяси жүйені одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге, кәсіпкерлікті қолдауға, ғылым мен мәдениетті дамытуға және ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған стратегиялық басымдықтарға сәйкес келетінін атап өтті. Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік институттардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттырып, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге ықпал етеді деп күтілуде.

– Мемлекет басшысының 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоюы — ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды тарихи оқиға деп санаймыз. Бұл — стратегиялық шешімдерді халықтың тікелей қатысуымен қабылдауға бағытталған нақты қадам. Осы орайда, Жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі өңірлік коалициямен бірлесе жұмыс жасайтын боламыз. Себебі, Әр дауыс — маңызды. Әр пікір – құнды, – деді «Respublica» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Айнұр Келімбетова.

Сонымен қатар Негізгі заң жобасының қоғаммен ашық диалог аясында әзірленгені айтылды. Конституциялық комиссияның жұмысы жария түрде ұйымдастырылып, тікелей эфир арқылы көрсетілді және кері байланыс тетіктері қамтамасыз етілді. Құжатты талқылау барысында азаматтардан, сарапшылардан және түрлі сала өкілдерінен 10 мыңға жуық ұсыныс пен өтініш келіп түскен. Олардың барлығы қаралып, әзірлеу процесінде ескерілген. Жиында сөз алғандар Жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңызын атап өтіп, қоғамның түрлі топтарын біріктіру қажеттігін жеткізді.

– Қазақстанның жаңа Конституциясы – тарихи маңызы бар құжат. Ол халықтың талап-тілегі мен үмітін тоғыстырған, елдің жарқын болашағына бағытталған стратегиялық бағдар. Біздің міндетіміз – осы реформалардың мән-маңызын кеңінен түсіндіріп, қоғамның саналы әрі белсенді қатысуына жағдай жасау, – деді облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев.

Алдағы уақытта коалиция мүшелері өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастайды. Референдум қарсаңында еңбек ұжымдарымен, сарапшылар қауымымен және тұрғындармен кездесулер өткізу жоспарланған. Түсіндіру жұмыстары шалғай елді мекендерді де қамтиды. Ұйымдастырушылар әрбір азаматтың пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

Сообщение Жамбыл облысында Жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі өңірлік коалиция құрылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net