Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Арал бассейнінде мұнай мен газ қоры бар 20 алаң анықталды

0

Қазақстанда геологиялық зерттеу жұмыстары халықаралық стандарттарға сай жаңа деңгейге көшті. Ел аумағын зерттеу ауқымы 2,2 млн шаршы шақырымға дейін ұлғайту жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев хабарлады.

Оның айтуынша, 2025 жылы іздеу жұмыстарына арналған 29 әлеуетті алаң анықталды. Оларға алтын, мыс, қорғасын, мырыш және басқа пайдалы қазбалар жатады.

— Бұрын 1:200 000 масштабында зерттеу жүргізетінбіз. Бұл тек жалпы түсінік беретін, бірақ инвестициялық шешім қабылдау үшін жеткілікті дәлдік бермейтін. Қазіргі инвестор халықаралық стандартқа сай нақты деректерді талап етеді. Сондықтан біз метрлік дәлдікпен егжей-тегжейлі зерттеу жүргізетін жаңа деңгейге көштік. Бұл әлеуетті алаңдарды ерте кезеңде анықтауға және зерттеуден игеруге өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді, — деді Қанат Ерубаев.

Өткен жылы 100 мың шаршы шақырым аумақта егжей-тегжейлі зерттеу жобалары жүзеге асырылған. Жобалар кешенді тәсілмен жүргізіліп, заманауи әдістер қолданылды: жерді қашықтан зондтау, аэрогеофизика — магниттік және гамма-спектрометриялық түсірілім, геохимиялық зерттеу (IONIC leaching әдісі), зертханалық талдау, бұрғылау және ұңғымаларды геофизикалық зерттеу.

— Арал бассейніндегі зерттеулер геологиялық құрылымды нақтылауға, жаңа элементтерді бөліп көрсетуге және болжамды мұнай мен газ қорын бағалауға мүмкіндік берді. Мұнай мен газ қоры бар 20-дан астам алаң анықталды. Биыл Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі осы алаңдарға жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін аукциондар өткізеді. Сонымен қатар аз зерттелген басқа бассейндерде жаңа сейсмикалық барлау жобалары іске қосылады, — деді ол.

Осыған дейін Президент геология саласын дамытуға жеке капитал тарту Үкіметтің аса маңызды міндеті екенін баса айтқан еді.

 

Сообщение Арал бассейнінде мұнай мен газ қоры бар 20 алаң анықталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net