Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Президент тапсырмасымен Сарыағашта 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысы басталды

0
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш қаласында 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Аса маңызды әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Жаңа медициналық кешен облыстың денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге, тұрғындарға сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге бағытталған.

Бұл – Түркістан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық маңызды қадам. Аурухана тек Сарыағаш қаласының тұрғындарына ғана емес, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Қазығұрт және Шардара аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Аталған аудандарда 1 миллионнан астам халық тұрады. Құрылыстың басталуы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, білікті медициналық кадрларды тартуға жағдай жасайды.

"Бүгін біз Сарыағаш қаласында аса маңызды әлеуметтік нысан – көпбейінді аурухана құрылысының іргетасын қалау рәсіміне жиналып отырмыз. Бұл — өңіріміздің денсаулық сақтау саласындағы жаңа белесі, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған үлкен қадам. Аталған жоба Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Сарыағаш ауданында көпбейінді аурухана салу жөнінде берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Президентіміздің халық денсаулығын жақсартуға бағытталған бастамалары аясында облыста ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл аурухана мыңдаған тұрғынға үміт сыйлайды, жүздеген отбасының амандығын сақтауға үлес қосады және өңірдегі медициналық қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтереді. Дені сау ұрпақ – елдің ең басты байлығы. Сондықтан бұл аурухана тек ғимарат емес, бұл – мыңдаған адамның үміті, жүздеген отбасының амандығы. Жаңа аурухана уақтылы әрі сапалы салынып, ел игілігіне жоғары деңгейде қызмет ететін, шипа мен сенім ордасына айналады. Баршаңызға зор денсаулық, табысты еңбек, әр отбасыға жақсылық тілеймін!" - деді Нұралхан Көшеров.


Аурухана 300 төсек-орынға есептелген және құрамында үш негізгі блок бар: хирургиялық блок – 50 төсек-орын (нейрохирургия, офтальмология, ЛОР және травматология бөлімшелері), терапиялық блок – 100 төсек-орын (неврология, инсульт орталығы, кардиология және интервенциялық кардиология бөлімшелері), перинаталдық блок – 150 төсек-орын (ана мен балаға арналған заманауи күтім, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі). Медициналық кешен заманауи жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі.

Жаңа аурухана 10,4 гектар аумақта орналасады. Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 70 мың м² асады. Жобаның жалпы құны – 74,5 млрд теңге. Құрылыстың аяқталуы 2027 жылдың желтоқсанында жоспарланған. Аталған жобаны іске асыру үшін Сарыағаш қаласынан 10,4 гектар жер телімі бөлінді. Жобаны мердігерлік атқаратын ұйым – ASPAN HOLDINGS ЖШС, техникалық қадағалаушы – "Строй-Проф" ЖШС, авторлық қадағалаушы – Engineering center ltd ЖШС.
Суреттер: Түркістан облысы әкімдігі
Түркістан облысында халық денсаулығын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылында 200 орындық перинаталдық орталық құрылысы басталды. Түркістан қаласында демеушілер есебінен салынып жатқан "Ана мен бала" орталығы келесі жылы іске қосылады. Өткен жылы облыста 40-қа жуық медициналық нысан пайдалануға берілген, оның ішінде Сарыағаш ауданында 6 нысан іске қосылған. Сонымен қатар шалғай ауылдық елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылып, тұрғындарға алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі артты.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net