Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қазақстанда фильмде "ЛГБТ насихаты" жоғын прокатқа дейін тексеретін ереже енгізілмек

0

Қазақстан парламенті сенаты кинематография туралы заңға фильмді прокатқа шығармас бұрын мазмұнында тыйым салынған, соның ішінде "ЛГБТ насихаты" бар-жоғын да тексеру жөнінде өзгерістер енгізетін заң жобасын мақұлдап, президентке қол қоюға жіберді. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Сенаттың онлайн-базасында жарияланған құжатқа сәйкес, "Кинематография туралы" заңға уәкілетті орган фильмнің прокатқа арналған нұсқасын алдын ала сараптама жүргізуге сұрата алады деген толықтыру енгізіледі. Мұндай сараптама фильм аннотациясында заңда көрсетілген тыйым салынған белгілер бар-жоғын немесе шығарманы көрсетуге болатын аудиторияның жасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.

Заңға сәйкес, егер фильм мазмұнында конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға үндейтін, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословие я ру айырмашылығына байланысты алауыздық қоздыратын, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын, порнография, сондай-ақ "дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды" және педофилияны насихаттайтын белгілер болса, прокат куәлігі берілмейді. "Дәстүрлі емес жыныстық қатынастар" мен педофилияны насихаттауға тыйым салу туралы норма былтыр желтоқсанда қабылданған басқа заңға енгізілген және ол биыл наурызда күшіне енеді.

Егер фильм аннотациясынан оны көрсетуге болатын аудиторияның жасын анықтау мүмкін болмаса, онда сараптаманы арнайы комиссия жүргізеді.

2025 жылғы қарашада Қазақстан парламенті мәжілісі "ЛГБТ мен педофилияны насихаттауға" тыйым салатын заңды мақұлдаған. Адамға жыныстық ерекшелігіне байланысты дискриминация жасайтын мұндай өзгерістер енгізуді депутаттар "отбасы, адамгершілік және болашақ жайлы түсініктерді қорғау" үшін қажет деп түсіндірген. Сарапшылар бұл заң көрші Ресейде 2013 жылы қабылданған заңға ұқсайтынын айтқан. "ЛГБТ пропағандасына" қарсы заң аталып кеткен құжжатты қабылдаған кезде кәмелетке толмағандар арасында ЛГБТК+ туралы ақпарат таратуға шектеу қою мақсатымен жасалды деген уәж айтылған. Бірақ іс жүзінде баспасөзде немесе сайттарды квир-адамдар туралы жарияланған кез келген ақпаратқа байланысты айыпты болу қаупі төнеді. Кейінірек оған "халықаралық ЛГБТ қозғалысы" деп аталатын, бірақ өмірде жоқ нәрсені экстремистік деп таныған өзгерту қосылып, ақыр соңында Ресейде квир-адамдар іс жүзінде қылмыскерге теңестірілді дейді құқық қорғаушылар.

Биыл 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші жиынында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда некені тек ер мен әйелдің одағы ретінде заң жүзінде бекіту қажет деп мәлімдеді.

Осыған ұқсас заң жобасы көрші Қырғызстан парламентіне де енгізілген. Ол құжат сонымен бірге кәмелетке толмағандар арасында "транс-насихатқа" тыйым салуды ұсынады. Бұл "ЛГБТ насихатына" және "жынысын өзгертуге" тыйым салатын Ресей заңындағы шектеулердің көшірмесі дейді құқық қорғаушылар. Ресейде "жынысын өзгертуге" тыйым салатын заңға 2023 жылғы шілдеде президент Владимир Путин қол қойған, ал 2024 жылдың қарашасында "жынысын өзгертуге рұқсат етілген" елдердің азаматтарына Ресейден бала асырап алуға тыйым салатын заң қабылданған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net