Сарыарқа пирамидасы – Қаражартас қорымы
Қазақстанда да пирамида бар екенін білесіз бе? Бұл – Сарыарқаның жүрегінде орналасқан Қаражартас пирамидасы.
Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері ең көп таралған және жақсы зерттелген аймақ – Орталық Қазақстан. Қарағанды облысына қарасты Шет ауданының Талды ауылынан сегіз шақырым қашықтықта, Талды өзенінің бойындағы Қаражартас қорымының жанынан табылған. Көп адам Қаражартас пирамидасы тек ХХІ ғасырда зерттеле бастады деп ойлайды. Бірақ бұл қате тұжырым. Зерттеу жұмыстары сонау 1940–1950 жылдары Әлкей Марғұланның бастамасымен Орталық Қазақстанға жасалған экспедициядан бастау алған. «Орталық Қазақстан экспедициясы» деп аталатын зерттеу жұмыстары 1946 жылы басталған. Талды өңірі – тарихи ескерткіштерге бай, киелі мекен. Бұл туралы Әлкей Марғұланның «Орталық Қазақстан жеріндегі Беғазы-Дәндібай...
