Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Депутат Базарбек жаңа Конституция жобасында жер сатуға қатысты жалған ақпарат туралы айтты

0

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейін жерді шетелдіктерге сатуға жол ашылады деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, тараған мәлімдемелер құжаттың нақты мазмұнына мүлде сәйкес келмейді.

"Қоғамда жалған ақпарат қолдан жасалып жатыр. Онда жаңа Конституция жобасы жерді шетелдіктерге, шетел азаматтарына, халықаралық ұйымдарға сатуға жол ашады делінген. Тіпті Президент пен болашақ Құрылтай жерді еркін түрде бөліп-жарып, өз қалауынша пайдалана алады деген ойды да тықпалап отыр. Бұл - өтірік, әдейі жасалған ақпараттық арандату", - деді депутат.

Ол жаңа Негізгі заң жобасында жерді шетел азаматтарына сатуға мүмкіндік беретін немесе қазіргі шектеулерді алып тастайтын нормалар жоқ екенін атап өтті.

"Қолданыстағы Конституция жобасында жерді сатуға рұқсат беретін де, қандай да бір тыйымды алып тастайтын да бірде-бір норма жоқ. Бұдан бөлек, қазіргі Конституцияның 6-бабы өзгеріссіз күйінде жаңа Конституцияның 8-бабының негізіне алынған", - деді ол.

Базарбек қолданыстағы нормалар табиғи ресурстардың Қазақстан халқына тиесілі екенін бекітетінін де еске салды.

"Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін", - деп норманы депутат оқып берді.

Депутаттың пікірінше, "жер сатылып кетеді" деген қауесет әдейі таратылып отыр.

"Жерді жаппай сатып жіберу туралы әңгімелер - не құқықтық сауатсыздық, не саналы манипуляция. Бүгін де қоғамда жалған түсінік қалыптастыру үшін дәл сондай сыбыстар таратылып жатыр", - деді мәжілісмен.

Ол жерді шетелдіктерге беруге тыйым қолданыстағы заңнамада да бекітілгенін айтты.

"Фейк таратушылар ең маңызды нәрсені "естен шығарады" - Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24-бабы. Онда шетелдіктерге, шетел азаматтарына және халықаралық ұйымдарға жер учаскелерін беруге тыйым салынатыны анық жазылған. Конституцияның қазіргі жобасы бұл тыйымды ешқандай жағдайда алып тастамайды - ол өз күшінде қалады", - деді депутат.

Сонымен қатар, ол жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша арнайы комиссияның жұмысына тоқталды.

"Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Президенттің тапсырмасымен AMANAT партиясы жанынан "Жер аманаты" комиссиясы құрылды. Оның жұмысы аясында мемлекет меншігіне 14 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылды", - деді Базарбек.

Оның сөзінше, комиссия жағдайды бақылауда ұстап отыр және ықтимал заңбұзушылықтарға жедел әрекет етуге дайын.

"Біз жағдайды бақылап отырмыз. Егер осындай фейктер, жалған ақпарат немесе жерді заңсыз иеліктен шығару деректері пайда болса, "Жер аманаты" комиссиясы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірге тиісті тексерістерді бастауға дайын", - деп түйіндеді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net