Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

ӘМСҚ төңірегіндегі жағдай: кадрлық өзгерістер болды

0

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында (ӘМСҚ) басқарма төрағасының екі жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

30 қаңтарда ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасарлары қызметіне Бақытжан Абдуллаев пен Индира Ерденова келді. Олар бұл лауазымда Светлана Пономарёва мен Жұлдыз Рамазанованы алмастырды.

Қордың ресми мәліметіне сәйкес, Бақытжан Абдуллаев денсаулық сақтау саласында көп жыл еңбек еткен. Ол еңбек жолын Астанадағы №1 қалалық ауруханада санитар және акушер қызметінен бастап, кейін дәрігер-трансфузиолог, хирург болып жұмыс істеген, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. Сондай-ақ осы медициналық мекемеде бас дәрігердің орынбасары болған.2023 жылдан бері Шымкентте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

Индира Ерденова Қаржы министрлігі жүйесінде еңбек еткен. Ол борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетте және Қазынашылық комитетінде түрлі қызметтер атқарып, ішкі сатып алулар мен активтер департаментінде басшылық лауазымдарға дейін өскен. Соңғы уақытқа дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрландыру департаментінің директоры болған.

Қор төңірегіндегі дау

Еске салсақ, 1 желтоқсанда ӘМСҚ-ның сол кездегі төрағасы Айдын Күлсейітов қызметінен кеткені белгілі болды. Ол бұл қызметте сегіз ай ғана жұмыс істеп, соңғы бес жылда отставкаға кеткен бесінші басшы болған.

16 қаңтарда Үкімет ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім қор қызметін талдау нәтижесінде шығарылған, көптеген заңбұзушылықтар мен қаржының тиімсіз жұмсалғаны анықталған. Атап айтқанда, қайтыс болған науқастарға "ем көрсетілген", жатыр мойны обырына ер адамдар скринингтен өткен деректер мен жалған есептер тіркелген.

Премьер-министр Олжас Бектенов барлық заңбұзушылықтар бойынша тексеру басталғанын және кінәлілер жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, 1 шілдеге дейін қордың ақпараттық жүйесі Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесімен біріктірілетінін айтты. Бұл қаржының ашық әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекет басшысы да бұл шешімді қолдап, мемлекет қаржысы білім мен денсаулық сақтау саласында азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталуы қажет екенін атап өтті.

23 қаңтарда Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Ернар Ержанов ӘМСҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Гүлмира Сәбденбекті таныстырды. Ол дәрігер мамандығы бойынша білім алған, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (MPH) дәрежесіне ие және салада басқарушылық тәжірибесі бар.

Сондай-ақ қордың бірінші орынбасары болып Айдар Мекебеков тағайындалды. Ол Қаржы министрлігі жүйесінде, соның ішінде Қаржылық мониторинг комитеті төрағасының орынбасары қызметінде жұмыс істеген. Бұған дейін "Қазақмыс" корпорациясында ұрлықтың алдын алу департаментін басқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net