Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

2 миллион теңгеге жуық жалақы сұрайды: Еңбек министрлігі ең “қымбат“ мамандарды атады

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электронды еңбек биржасының 2025 жылға арналған статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылы электрондық еңбек биржасында 1 миллион 328 мың бос жұмыс орны жарияланып, 1 миллион 453,8 мың түйіндеме орналастырылды. Нәтижесінде еңбек нарығында ұсыныс сұраныстан 125,8 мыңға артық болды.
Жарияланған вакансиялардың жартысына жуығы (665,5 мың) жұмысшы мамандықтарына тиесілі. Түйіндемелердің де 48 пайызы (697,2 мың) осы бағытта берілген.
Жұмыс іздеушілер белсенділігі наурызда ең төмен деңгейге (94,6 мың) түссе, шілдеде ең жоғары көрсеткішке жетіп, 148 мың түйіндеме тіркелген. Жыл аяғына қарай бұл көрсеткіш біртіндеп төмендеп, желтоқсанда 71,5 мыңға азайды.
Ал жұмыс берушілер тарапынан сұраныс жылдың екінші жартысында артқан. Вакансиялар санының шарықтау шегі тамыз (141,7 мың), қыркүйек (138,4 мың) және қазан (132,3 мың) айларында тіркелді.
Ең көп сұраныс
Салалық бөлініске сәйкес, бос жұмыс орындарының ең үлкен үлесі білім беру саласына тиесілі – 380,6 мың жұмыс орны (28,7 пайыз). Одан кейін "өзге қызмет түрлері" (13,2 пайыз) мен денсаулық сақтау саласы (8,8 пайыз) орналасқан. Алғашқы үш сала барлық бос жұмыс орнының шамамен жартысын құраған.

"Жұмыс ең көп жариялаған өңірлер – Астана, Түркістан облысы және Алматы қаласы. Алайда солтүстік және шығыс өңірлерде жұмыс күшінің тапшылығы байқалды. Мәселен, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында бос жұмыс орындары түйіндемелер санынан едәуір көп", - делінген хабарламада.

Ал оңтүстік өңірлерде керісінше, жұмыс іздеушілер саны басым болды. Түркістан, Қызылорда облыстарында, Шымкент пен Маңғыстау өңірінде түйіндемелер саны вакансиялардан бірнеше есе артық тіркелген.
Сұранысқа ие мамандықтар2025 жылы вакансиялардың 75 пайызы білікті еңбекке тиесілі болды. Ең көп сұранысқа ие мамандықтар қатарында:

медбикелер мен мейіргерлер,тәрбиешілер,автокөлік жүргізушілері,санитарлар бар.

Ең жоғары жалақы

"Ал 2025 жылы жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны:

флоттағы штурман лауазымына үміткерлерге ұсынды – айына 875–900 мың теңге аралығында,тау-кен өнеркәсібінде учаске бастығының орынбасарына – 714 мың теңгеден бастап және одан жоғары,бұрғылау қондырғыларының машинистеріне – 700 мың теңгеден бастап және одан жоғары мөлшерде.

Үміткерлер арасында түйіндемелерде көрсетілген ең жоғары орташа жалақы пилоттарда – 1,9 миллион теңге, тау-кен саласындағы қызмет басшыларының орынбасарларында – 1,2 миллион теңге және кеме капитандарында – 1,1 миллион теңге болды".

Әлеуметтік-демографиялық құрылымы
Түйіндемелердің әлеуметтік-демографиялық құрылымында әйелдердің үлесі – 55 пайыз. Негізгі үлесті 35–44 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Сонымен қатар жастар (16–24 жас) арасында әйелдердің үлесі жоғары екені байқалды.
Жалпы, 2025 жылғы деректер Қазақстан еңбек нарығында өңірлік теңсіздік пен маусымдық белсенділіктің айқын сақталғанын көрсетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net