Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Тоқаев қазақстандық банк шетелге 7 трлн теңгені "заңсыз жібергенін" айтады

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі банктердің бірі шетелдерге 7 триллион теңгеден (шамамен 14 млрд доллар) аса қаржыны заңсыз "жөнелткенін" мәлімдеді. Бұл туралы Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігіндегі жиында айтты.

"Жақында [Қаржылық мониторинг агенттігінің] төрағасы [Жанат] Элиманов қазақстандық банктердің бірі арқылы былтыр көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаржы "жөнелтілгені" туралы баяндады. Менің ойымша, бұл заңға, экономикаға, тіпті саясатқа қайшы келетін ерсі жағдай. Өкінішке қарай, мұндай алаяқтық қаржы схемаларына қатысты фактілер азаймай тұр. Осыған дейін айтқанымдай, бұл кесел әлеуметтік саланы да жайлады. Мемлекет қаржысын жымқырушылардың заңды белден басқан қомағай әрекеті еш ақылға сыймайды" деді Тоқаев.

Дегенмен Қазақстан президенті 7 трлн теңгені шетелге қай банк жібергенін айтпады.

Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігіне Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және Ұлттық банкпен бірге коммерциялық банктердің заңсыз, күмәнді операцияларына бақылауды күшейту міндетін жүктеді.

Бұған қоса, Тоқаев "жаңа салық саясаты күшіне енгелі айналымды жасыру үшін қолма-қол төлем көлемінің артқаны жайлы мәліметтер бар" екенін айтады.

-Бөлшек саудамен айналысатын саудагерлер тауардың ақысын қолма-қол ақшамен немесе аударым арқылы төлегеніне қарай салық сомасын шегеріп, екі түрлі баға айта бастады. Бұған, әрине, көз жұма қарауға болмайды. Өйткені мұндай әрекеттер мемлекеттің салықты әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру бағытындағы еңбегін зая кетіреді, - деді ол.

Қазақстанда жаңа Салық кодексінде қосымша құн салығы 16 пайызға өсіп, елде азық-түлік, басқа да маңызды тауарлар қымбаттады. Бұл кодекске қарсылық күшейген тұста Тоқаев үкіметке заңды қайта қарауды тапсырған еді.

Бұған қоса, Қазақстан президенті Астанадағы жиында капиталды крипто-операциялар арқылы заңсыз шығару фактілері бар деп мәлімдеді.

"Капиталдың заңсыз сыртқа кетуі экономикалық қауіпсіздігімізге тікелей қатер төндіреді. Агенттік аталған мәселелер бойынша нақты ұсыныс енгізсін" деді Тоқаев.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net