Маңғыстау облысындағы жағаұстатар жайт: “ер адам өгей қызын зорлап, кейін өзіне қол салған“
Маңғыстау облысында 42 жастағы ер адам өзіне қол жұмсаған. Оған 13 жастағы өгей қызын зорлады деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Шетпе кентінде болған. 1984 жылы туған ер адам 20 қаңтарда атылып қалған. Ал 24 қаңтарда полицияға 13 жастағы қызға жыныстық зорлық жасалғаны туралы арыз түскен.
Телеарна мәліметінше, тексеру барысында өзіне қол салған өгей әкенің осындай айуандыққа барғаны анықталған. Марқұм соңғы уақытта еш жерде жұмыс істемепті. Бұрын сотты болмағаны. Сондай-ақ психиатрия және наркологияда есепте тұрмаған.
"Полиция ҚР ҚК-ның 120-бабы 4-бөлігі "Кәмелетке толмағанды зорлау" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған баланың құқығы мен заңды мүддесін қорғау қамтылады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды", - дейді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибадуллаева.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам үйінің ауласынан өлі табылғаны хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
