Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Атырауда киіктер ауыл ішінде жайылып жүр

0

Киіктер Атыраудағы ауылдардың ішінде емін-еркін жайылып жүр. Инспекторлар болса жағдайды пайдаланып, киіп атуға болмайтынын ескертіп жатыр.

Киіктердің көбейгенін облыс тұрғындары бір апта бұрын байқаған. Соңғы 3-4 күн ішінде Құрманғазы ауданына қарасты ауылдардың ішінде жүргенін көзбен көріп, әлеуметтік желілерге жүктеген.

Мұндай көрініс Исатай, Махамбет, Индер аудандарынан да байқалады.

Мамандардың сөзінше, киіктердің өңірге келуіне көршілес Батыс Қазақстан облысында жауған қалың қар себеп. Ақбөкендер азық іздеп, Каспий теңізіне қарай бағыт алған. Ал соңғы аптада облыс аумағынан шамамен бір миллионға жуық киік өтіпті.

Дегенмен аумақтық инспекция мамандары жағдайды пайдаланып, киік атуға болмайтынын айтты. Өйткені аулау маусымы тек күзде басталады. Заңды бұзған азаматтарға жауапкершілік қарастырылған.

— Олардың азығы — теңіздің қамысы. Үй жануарлары өтпеу үшін керілген торлар миграцияның жолына кедергі келтіріп тұр. Сондықтан олар қандайда бір бағыт іздеп ауылдық жерлерге кірген. Қазіргі уақытта киік ататын кез, мерзім емес. Қатаң тыйым салынған. Санын реттеуге жататын жануар болғандықтан қыркүйек-қараша айларында ғана аулауға болады. Бүгінде киікті аулауға, ұстауға болмайтынын ескертемін. Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген, — деді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның бас маманы Мереке Шалқаров.

Құрманғазы ауданында желтоқсан айының ортасынан бері 2 мыңға жуық ірі қара инфекциялық ринотрахеит вирустық диарея жұқпалы ауруға шалдыққан. Ветеринарлар 4 ауылдық округке малдың кіріп-шығуына және сойылуына шектеу қойған. Аурудың бұл түрі түлік арасында жиі кездеседі, киіктерге еш қатысы жоқ дейді аудандық аумақтық инспекция мамандары.

— 390 қорадан 1945 бас ауырып тұрғаны анықталды. Оның 892-сі емделіп, жазылды. Аурудың бұл түрі ауданымызда жүрген киіктермен байланыстырып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, — деді Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Саясат Жәнібеков.

 

Сообщение Атырауда киіктер ауыл ішінде жайылып жүр появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net