Саясаттың негізгі мессеждері бойынша семинар өтті
Бүгін қаламыздағы Достық үйінде саясаттың негізгі месседждері бойынша оқытуға арналған семинар өтті. Іс-шара мемлекеттік ақпараттық саясатты түсіндіру, этносаралық қатынастар саласындағы қауіптердің алдын алу және медиакеңістіктегі өзекті мәселелерді талқылауға бағытталды.
Семинарды облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев тізгіндеп, қатысушы баспасөз қызметінің өкілдеріне этносаралық қатынастар жүргізудегі ақпараттық саланың алар орны алғы шепте екенін жеткізді.
Жиын барысында облыстық полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы үгіт-насихат тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Тимур Серік этносаралық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу шаралары туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова бұқаралық ақпарат құралдарындағы этносаяси тақырыптарды жариялаудағы жанжал қаупі мен журналистердің кәсіби даярлығының маңыздылығына тоқталды.
Ал Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің директоры Алмат Сәдуақас жасанды интеллект, ақпараттық алгоритмдер және этносаяси контентке қатысты ақпарат таратудағы жаңа қауіптер мен мүмкіндіктерді атап өтті.
Медиакеңістіктегі этносаяси саланы дамытуға бағытталған жиынға «Қоғамдық келісім» КММ «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің қызметкерлері де қатысты.
Семинар соңында қатысушылар спикерлерге сұрақ қойып, мемлекеттік саясаттың негізгі месседждерін қоғамға сауатты әрі жауапкершілікпен жеткізу жолдары бойынша пікір алмасты.
Сообщение Саясаттың негізгі мессеждері бойынша семинар өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
