Семейде ер адам полицияның екі көлігін өртеп жіберген
Не болған?Әлеуметтік желілерде жанып жатқан көліктердің видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға колледж маңында болған.
"Семейдің "Юность" шағынауданында, Құрылыс колледжі маңында екі автокөліктің өртенгені туралы видео мен хабарламалар тұрғындар чаттарында тарап жатыр. Куәгерлердің сөзінше, бұл оқиға әдейі жасалған болуы мүмкін", – делінген жазбада.
Полиция жауабы
Абай облысы Полиция департаменті болған жағдайға пікір білдірді.
"25 қаңтарда сағат 18:10 шамасында бұрын сотты болған 66 жастағы жергілікті тұрғын мас күйде учаскелік полиция пунктінің маңында заңсыз әрекет жасап, полиция қызметкерлеріне тиесілі Chevrolet Cobalt және Changan маркалы екі автокөлікті өртеген", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Сондай-ақ полиция өкілдері ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
