Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Кассация соты Қаңтарда көзінен айырылған Әбдірешовтің өтемақысын сәл өсірді

0

Астанадағы кассациялық сот Қаңтар оқиғасында зардап шеккен Ермек Әбдірешовтің өтемақы жөніндегі талабын ішінара қанағаттандырып, мемлекет төлеуге міндетті өтемақыны 5 млн теңгеге ұлғайтуды шешті.

"Қаржы министрлігінен [Ермек] Әбдірешовтың пайдасына өндірілген моральдық зиян өтемақысының мөлшері 5 млн [теңгеге] дейін ұлғайтылсын" деді кассациялық сот алқасының төрайымы Гүлнар Жаппарова 19 қаңтардағы сотта.

Қаңтар оқиғасынан соң екі көзінен айырылған Ермек Әбдірешов мемлекеттен 25 млн теңге өтемақы талап етіп жүр. Астана қаласының соты Әбдірешовтің талабын 2023 жылы қарап, «оны заңсыз қудаланды, бірақ нақты залал келтіруші анықталмады» деп, 2 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеген. Апелляциялық сот алғашқы инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырған.

Екі жылдан кейін, бүгін 19 қаңтарда Астанадағы кассациялық сот өтемақыны көтеру шешімін қабылдады. Сот отырысы кезінде жауапкер қаржы министрлігі мен бас прокуратура өкілдері шешімді өзгертпеуді сұраған.

– Талап қоюшыға бостандыққа деген табиғи құқықтарының бұзылуын, сондай-ақ осы моральдық қайғы-қасіретке әкеліп, теріс әсер еткенін ескеріп және парасаттылық пен әділеттілік қағидаларын ескере отырып, кассациялық сот талап қоюшыға келтірілген моральдық зиянның мөлшерін 5 миллион [теңгеге] дейін ұлғайтқаны дұрыс деп есептеді, – дейді кассациялық сот алқасының өкілі Нұрлыбек Ормаханов.

Ермек Әбдірешов 2022 жылы 5 қаңтарда көзін жаралап алған күні №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, нейрохирургияның жансақтау бөліміне жатқызылады. Бірақ 8 қаңтарда оны құзырлы орган өкілдері ереуілге қатысты жауап алу үшін тергеу изоляторына күштеп алып кеткен. Әбдірешовтің қорғаушысы сол кезде оны алып кетпей, көзіне ота жасатуға мүмкіндік бергенде бір көзін сақтау қалуға болар еді дейді.

Әбдірешов тергеу изоляторында алғашқы екі күн азапталғанын, сол кезде көзі мүлде көрмей қалғанын айтады. Қаңтар оқиғасынан 8 ай өткен соң үстінен қозғалған қылмыстық іс дәлелденбеді деп жабылады.

Алматы прокуратурасы заңсыз қылмыстық қудалағаны үшін Әбдірешовтен кешірім сұрап, "келтірілген материалдық, моральдық шығынның өтеуін сұрауға құқығыңыз бар" деген. Содан бері жәбірленуші екі көзі көрмей, еңбекке толық жарамсыз болып қалғанын, ары қарай тағы да емделуге қомақты қаражат қажет екенін айтып, Қазақстан сотынан 25 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндіруді сұрап келеді.

Соттан кейін Ермек Әбдірешов Қаңтар оқиғасы кезінде құзырлы орган қызметкерлерінің өзіне жасаған әрекетіне байланысты халықаралық органдарға шағымданатынын айтты.

– Енді қазіргі таңда біз мемлекеттік мекемелердің бәрінен өтіп болдық. Енді халықаралық мекемелерге шығатын шығармыз. Ақылдасып көре жатармыз әлі. Бірақ халықаралық деңгейге шығу ойы бар, – деді Ермек Әбдірешов соттан соң.

Бейбіт басталып, соңы дүрбелеңге ұласқан Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда кемі 238 адам қаза тапты. Бас прокуратураның дерегінше, Қаңтар оқиғасына қатысты 5300 қылмыстық іс қозғалған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында берген сұхбатында "оқиғаға қатысты негізгі мән-жайдың бәрі әлдеқашан белгілі бол­ды" деген. Бірақ құқық қорғаушылар дүрбелең шындығы әлі ашылмады деп келеді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net