Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Азаттық тілшілерінің аккредитациясы ісі бойынша сот: апелляция шешімі бүгін шығады

0

14 қаңтарда Астананың әкімшілік сотында Азаттықтың 7 тілшісінің аккредитациясына қатысты апелляциялық сот отырысы өтті. Былтыр 20 тамызда сот Азаттық радиосының жеті журналисіне аккредитация беруден бас тартқан Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің шешімін заңды деп таныған еді. Бұл шешіммен келіспеген Азаттық шешімді апелляцияға берген.

Бүгінгі сот отырысында адвокат Лилия Гафарова Қазақстан сыртқы істер министрлігі Азаттық тілшілерінің аккредитация мерзімін уақытында қарамай, осылайша әуелі олардың "аккредитациясыз" жұмыс істеуіне жағдай жасады, ізінше "аккредитациясыз жұмыс істеді" деп айыптап, Конституцияда жазылған жұмыс істеу құқығынан айырды деп мәлімдеді.

"Біз мұны (аккредитациясыз жұмыс істеу – ред.) заң бұзушылық деп санамаймыз. Себебі журналистердің мақалаларының өзінде қандай да бір дұрыс емес, жалған деректер жоқ. Бұған қоса, Азаттықтың өзінде Қазақстанда жұмыс істеу аккредитациясы бар. Олардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Сонда адамдар екі айға келісімшартты бұзып, аккредитацияны күтіп, жұмыссыз қалулары керек пе? Яғни, СІМ тудырып отырған жағдай шағым берушінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына кедергі келтіріп отыр" деді Лилия Гафарова.

Сот кезінде шетел журналисі деген ұғымның да заңнамада бұлыңғыр жазылғаны келтіріліп, Азаттық тілшілерінің барлығы Қазақстан азаматтары екені айтылды. "Құқықтық медиа орталықтың" заңгері Гүлмира Біржанова Азаттық радиосы Қазақстанда 1993 жылы ресми түрде тіркелген және аккредитацияланғанын айтып, елде тұтас Азаттықтың жұмысына қатер төніп тұрғанын айтты.

"Қазақстан азаматтық және саяси құқықтар туралы пактінің қатысушысы. 2006 жылы ратификациялаған. Өкінішке қарай, бізде Қазақстанда кемінде СІМ аккредитация процедурасын жұмысқа істеуге рұқсат ретінде тәпсірлейді, яғни, олар жұмыс істей ала ма, жоқ па деген сияқты. Бірақ аккредитация бұл аккредиттелген журналист қалай жұмыс істеуі керек яғни, жұмыс істеу тетігін ғана көрсетуі керек еді" дейді заңгер.

Сот кезінде сыртқы істер министрлігінің мүддесін қорғаған Константин Соловьев пен Мейрам Муташев бұған дейін өздерінің ұстанымдарын жеткізгендерін айтып, бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

Бұған дейін сырқы істер министрлігі өкілдері Азаттық радиосы қызметкерлері аккредитация мерзімін созу туралы берген өтініші қаралып жатқан кезде журналистік қызметпен айналысып, шетелдік БАҚ өкілдеріне тиісті аккредитациясы болмаса, ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салынатыны жазылған заң нормасын бұзды деп мәлімдеген еді.

Қазақстан заңы бойынша, шетелдік журналистер ел аумағында жұмыс істеу үшін сыртқы істер министрлігінен аккредитация алуы шарт, онсыз жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұрын аккредитация картасын екі жылға беріп келген сыртқы істер министрлігі 2024 жылдан бастап бұл мерзімді алты айға дейін қысқартқан. Министрлік аккредитация туралы өтінішті екі ай қарайтын болған соң, Азаттық жаңа картаға өтінішті алдыңғы мерзім аяқталардан екі ай бұрын берген еді. Бірақ министрлік осы екі ай аяқталғанда өтінішті қарауды тағы да созды. Содан кейін Азаттық тілшілеріне аккредитация бермейтіні туралы шешім қабылдады.

Азаттық радиосы сотқа түсірген шағымында министрлік Азаттық тілшілеріне аккредитация бермеуге ілік болатын жағдайды қолдан жасап отыр деп жазды.

Сыртқы істер министрлігі Азаттықпен мәмілеге келуден бас тартқан.

Бүгін жарыссөз де өтіп, тараптар өз позицияларын тағы толықтырып өтті.

Істі судьялар Әбдірахманова, Қасымова, Шаяхметова құралған сот алқасы алқасы қарап жатыр. Сот шешімі бүгін, 14 қаңтарда сағат 14:50-де оқылады.

Бұл Қазақстан сыртқы істер министрлігі аккредитация бермеген 7 тілшінің ісі. Бұдан бөлек, тағы 9 тілшінің ісі бойынша сот бар.Бұған дейін халықаралық баспасөз қорғау ұйымдары Қазақстан билігін Азаттық тілшілеріне аккредитация беріп, еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге үндеген.Нью-Йоркте орналасқан "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists, CPJ) дүйсенбі, 18 тамыз күні Қазақстан билігіне үндеу жолдап, Азаттық радиосының 16 тілшісін аккредиттеуге шақырған.Халықаралық журналистер федерациясы (International Federation of Journalists – IFJ), Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің Азаттықтың 16 журналисіне аккредитация бермеуін сөз бостандығына жасалған шабуылға теңеп, Қазақстан билігін еркін баспасөз принциптерін қолдауға үндеген."Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымының сөз еркіндігі индексінде Қазақстан 180 елдің арасында 141-орында тұр. Алайда ресми Астана бұл бағамен келіспейді, қазақстандық билік өкілдері елде еркін баспасөзді дамыту үшін барлық жағдай жасалған дейді.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net