Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

АҚШ-тың Иранға қатысты баж салығы: Қазақстан даму сценарийлерін бақылап отыр

0

Қазақстан АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жариялаған мәлімдемелерін мұқият қадағалап отыр. Елдің сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Иранмен сауда жасайтын елдерге 25 пайыз баж салығын енгізу туралы шешіміне қатысты осындай мәлімдеме жасады.

"Әзірге ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақты белгісіз, осыған байланысты министрлік әртүрлі даму сценарийлерін бағалап жатыр", – деді Қазақстан сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбанисова.

"Сонымен қатар Қазақстан Республикасы өзіне алған халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерін тұрақты түрде орындап келеді және сыртқы экономикалық саясатта салмақты әрі прагматикалық ұстанымды басшылыққа алады", – делінген министрлік мәлімдемесінде.

АҚШ президенті Дональд Трамп 13 қаңтарда Иранмен іскерлік байланыс орнатқан мемлекеттерге 25 пайыздық баж енгізілетінін мәлімдеген.

Иранда 2025 жылғы 28 желтоқсаннан бері жаппай наразылық болып жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл елдегі жағдайға араласуы мүмкін екенін айтқан. Сарапшылар Иранға экономикалық және әскери қысым болуы ықтимал деп болжаған.

Үкіметтің экономикалық саясатына қарсы наразылық елдің 120 қаласын қамтығаны хабарланды. Билік наразылық шерулерін қарудың күшімен қатаң басып-жаншуға тырысып жатыр. Елде интернет пен телефон байланысы өшкен.

АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists News Agency (HRANA) ұйымының 12 қаңтардағы дерегінше, жаппай наразылық басталғалы бері 600-ден астам адам қаза тапқан, олардың ішінде тоғыз бала бар. Қаза болғандардың нақты санын анықтау әзірге мүмкін болмай жатыр. Қамауға алынғандар саны 10 мың адамнан асады деген болжам бар.

Иран – Қазақстанның негізгі сауда серіктерінің бірі, Астана мен Тегеран арасы өте жақсы. 2025 жылы желтоқсанда Иран президенті Масуд Пезешкианның Астанаға сапары кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранды "жақын әрі бауырлас көрші, Таяу Шығыстағы сенімді серіктес" деп сипаттаған.

2025 жылғы 10 айда екі ел арасындағы сауда көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда 40 пайызға артқан.

Қазақстан Иранға негізінен арпа, мақта талшығы, бидай, ет және тыңайтқыш экспорттайды. Ал Тегеран Астанаға сары май, жеміс-жидек, сүт және кілегей, полимер, цемент, бояу өнімдерін сатады.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net