“Қанды сүртіп кеткен“ - Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты жантүршігерлік дерек
Атырау облысында жоғалған отбасының туысы жантүршігерлік жайтты айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қоғамды алаңдатқан оқиғаның мән-жайын білу үшін Massaget.kz бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалған Жангелдин ауылына арнайы барған.
25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен.
6 қаңтарда жоғалған ерлі-зайыптының сүйегі сарайдан табылды. Марқұмдардың жақындары Massaget.kz-ке іздеу жұмыстары қалай жүргізілгенін айтты.
"Осы сарайда диван тұрған. Екі кісілік диванды қойған, астына киізін жауыпты. Біразға дейін иістенбепті (сүйектер - еск.). Бүкіл ел болып іздедік. Сарайдың ішінде аздап қан шашыраған, негізі сүртіп кеткен. Көзге білінбейді. Алашаларының бәрін төсеп кеткен", - деді осы отбасының туысы Фаризат Кенжеғалиева.
Күдікті туралы не белгілі?
Бұған дейін Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны.
Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
