Орал тұрғыны ауруханада дәрігерге шабуыл жасаған
Оралда тұрғын медицина қызметкеріне шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" мәліметіне сілтеме жасап.
Оқиға 11 қаңтарға қараған түні қалалық көпсалалы ауруханада болған. Бейнебақылау камераларындағы жазбалардан ер адам мен дәрігерлер арасында жанжал шыққаны көрінеді. Олар басында сөз таластырып, кейін келуші медицина қызметкерлерінің бірін бірнеше рет итерген. Әріптесіне көмекке аурухананың басқа қызметкерлері келген.
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, шақырту аурухана қызметкерлерінен түскен. Оқиға орнына полиция барып, күдіктіні ұстаған. Ол мән-жайды анықтау үшін бөлімшеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
