Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Айзат Жұманованың қазасы: сотталушы 14 жылға бас бостандығынан айырылды

0

Талдықорғанда "әйелін өлтірді" деп айыпталған Жанболат Айбар 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бір күн бұрын жарыссөзде марқұмның анасы оған өмірлік түрме жазасын беруді сұраған еді. Ал прокурор 15 жыл түрме сұраған.

"Мен оған мәпелеп-аялап өсірген қызымды тапсырған едім. Ал оны азаптап, қатігездікпен өлтірді!... Алтын асықтай қызымды қолына табыстап бердім, қызымның қадіріне жете алмады. Қызымды азаптап, қинап өлтірді. Бір жері ғана жараланса жақсы, абайсызда болар деп ойлар едік. Бірақ мынаған мүлде келісе алмаймын " деді сотта сөйлеген марқұмның анасы Салтанат Жұманова. Оның сөзінен Ұлысмедиа үзінді келтіреді.

32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына кінәлі деп танылған сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Сотталушы Айбар Жанболат 8 қаңтар күнгі жарыссөз кезінде марқұм әйелі Айзат Жұманованы өлтіретін ойы болмағанын тағы қайталады. Ол кінәсін жартылай мойындаған.

"Істеген ісімді мойныммен көтеремін. Менің өлтірейін деген ойым да, ниетім де болған жоқ. Абайсызда болған жағдай. Мұсылманбыз ғой, шайтанның арбауына түсіп қалдық деп ойлаймын. Кешірім сұраудан басқа айтарым жоқ. Жазамды толық өтеймін" дейді Айбар Жанболат.

Айбар Жанболат әйелі Айзат Жұманованы бетінін шапалақпен ұрғанын, отбасылық жанжалға қызғаныш себеп болды деген.

Бұған дейін марқұмның туыстары Айзат пен күйеуі жанжалдасып, ізінше күйеуінің оны ұзақ ұрып-соққанын айтқан. Олардың сөзінше, күйеуі әйелін 2 жасар қызының көзінше ұрған.

32 жастағы Айзат Жұманова былтыр маусымда Жетісу облысы Баласаз ауылында қаза болған. Тергеу болжамынша, қылмыс болатын күні сотталушы "бірнеше бөтелке сыра ішіп, әйелінің біреумен телефон арқылы сөйлескені есіне түсіп, бойын қызғаныш кернеп" оны өлтірмек болған. Әйел адам жан ұшырып көмек сұрап, айқайласа да, жолдасы ұра берген.

Сот медициналық-сараптама марқұмның ауыр жарақаттанғанын анықтаған: одан жабық бас жарақаты, мидың ісінуі, бас сүйек, аяқ-қол және жамбастың сынуы, сондай-ақ кедір-бұдыр жерде сүйреу белгілері табылған. Туыстарының айтуынша, әйел адамды атпен сүйреген.

Прокурордың айтуынша, жедел жәрдем көлігі өте кеш шақырылған. Дәрігерлер әйелді құтқаруға күш салғанмен жарты сағаттан кейін көз жұмған.

Ақпаратқа қарағанда, әу баста іс "абайсызда адам өліміне әкелген" оқиға ретінде тіркелген, ізінше туыстары эксгумация және қосымша сараптама жасатқаннан кейін іс "адам өлтіру" бабы бойынша қарастырыла бастаған.

Жұма, 9 қаңтарда сот жәбірленуші жаққа моральдық шығын ретінде 20 млн теңге төлеуді де міндеттеді.

Істі судья Әділет Бақытов жүргізді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық және фемицид Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстанда өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Ресми мәлімет бойынша, 18-49 жастағы әрбір алтыншы қазақстандық өмірінде бір рет физикалық немесе жыныстық күш көрсетуге ұшыраған.

Қарағанды медицина университетінің зерттеуіне қарағанда, Қазақстанда көп жағдайда әйелдердің басым бөлігіне өзінің серігі күш көрсетеді, 12 пайыз жағдайда ғана өзге адамдар озбырлық жасайды.

Қазақстан бас прокуратурасының мәліметінше, 2024 жылы елде әйел адамды өлтіру фактісі бойынша 137 іс тіркелген. "Адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша - 191, "Орта дәрежеде зақым келтіру" бойынша 594 іс қозғалған. 198 әйел өзіне қол жұмсаған.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net