Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Құлыбаев Англиядағы Саннингхилл-парк сарайын жемқорлыққа қатысы бар компания арқылы сатып алған – ВВС

0

Қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаев 2007 жылы Эндрю ханзададан (Ұлыбританияның патшайымы болған ІІ Елизаветаның (1926 - 2022) екінші ұлы.) Саннингхилл-парк зәулім сарайын жемқорлық ісіне қатысы бар компания арқылы сатып алған деп жазды ВВС сайты жаңа зерттеуінде.

ВВС экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Құлыбаев зәулім сарайды Италиядағы жемқорлық істерінде аталған Enviro Pacific Investments компаниясы арқылы алған дейді.

ВВС-дің 2016 және 2017 жылғы сот құжаттарына сілтеп жазуынша, италиялық мұнай магнаты Агостино Бьянки сотта Құлыбаев пен басқа да қазақстандық шенеуніктерге мұнай саласында тиімді келісім-шарттар алу үшін пара бергенін айтқан. Ал Aventall деген компания параны алуға қолданылған. Aventall есепшотына түскен ақша кейін Enviro Pacific Investments компаниясына аударылған. Одан соң Құлыбаев Unity Assets Corporation офшор компаниясы арқылы Enviro Pacific Investments-тен қарыз алып, Саннингхилл-парк зәулім сарайын сатып алған. Сотта Италия прокурорлары Enviro Pacific Investments те Құлыбаевқа "тиесілі екенін" айтқан. Бірақ Италияда Құлыбаевқа ресми айып тағылмаған.

Ал Құлыбаев адвокаттары арқылы ВВС сайтына "оның пара алғанын жоққа шығарған". Адвокаттары Құлыбаевтың Enviro Pacific Investments компаниясына иелік етпегенін, қатысы жоғын айтқан, алайда компанияның иесі кім екенін айтудан бас тартқан.

Дегенмен қорғаушылар ВВС сайтына Құлыбаевтың Enviro Pacific компаниясынан Саннингхилл-парк зәулім сарайын сатып алу үшін несие рәсімдегенін растаған. Миллиардердің адвокаттары зәулім сарайды алған ақша "заңды" дейді.

12 жатын бөлмесі мен 6 үлкен залы бар Саннингхилл-парк зәулім сарайы бес жыл өтпей тұрған еді. Ал 2007 жылы Құлыбаев бұл сарайды офшор компания арқылы 15 млн фунт стерлингке сатып алғаны белгілі болған. Құлыбаев бес жыл өтпей тұрған үйді ханзада сұраған бағадан 3 миллион фунт стерлингке қымбат бағаға сатып алған. Сол кезде Құлыбаевтың өкілдері мұны аталған сарайға тағы бір адамның қызығуымен байланыстырған.

Бұл сарай біраз жыл бойы бос тұрып, 2016 жылы сүрілген. Кейін оның орнына 14 бөлмеден тұратын жаңа сарай салынған. "Алайда жаңа сарайда да ешкім тұрмады" деп жазады ВВС.

Тимур Құлыбаев – Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаеваның күйеуі. Назарбаев билік құрған тұста Құлыбаев елдегі ықпалы бизнесмендердің біріне айналды. Азаттық 2020 жылы зерттеуінде Тимур мен Динара Құлыбаевалардың Англияда, Испанияда, Швейцарияда, Чехияда қымбат үйлері мен сарайлары барын анықтаған.Қазір Тимур мен Динара Құлыбаевтар Forbes журналының байлар тізімінде 673-орында тұр. Екеуінің жиынтық байлығы 10 миллиард доллардан асады.Құлыбаевтар елдегі ең ірі коммерциялық банк – Халық банкінің бақылау пакетіне иелік етеді, оған қоса меншігінде мұнай өндіру, құрылыс, сауда және басқа салаларда жұмыс істейтін компаниялар бар. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан соң Құлыбаев "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы қызметінен кетті. Мұнай өңдеу және сату қызметімен айналысатын Petrosun компаниясындағы және "Сұйылтылған мұнай газын сақтау паркі" жобасындағы үлестерінен айырылды.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net