Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қомақты ақша мен тәркілеу: Қазақстанда стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр

0

Қазақстанда стоматологиялық клиникаларды жоспардан тыс тексеру жалғасып жатыр. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық көмектің стандарттарының сақталуын және қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарының орындалуын бағалап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қанша клиника тексерілді?
Денсаулық сақтау министрлігі МФБК-нің медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Ысқақованың айтуынша, жалпы 441 жоспардан тыс тексеру тіркелген. Соның ішінде:

274 - аяқталды;68 - тіркеу сатысында;26 - жүргізіліп жатыр.

Тағы 73 тексеру тіркеуден алынды, өйткені клиникалар іс жүзінде жұмыс істемеген. Мұндай жағдайлар ең көп Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелген.
Айыппұлдар мен заңбұзушылықтар
Тексеру қорытындысы бойынша клиникаларға жалпы сомасы 58,4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Барлығы 396 әкімшілік жаза қолданылған.
Ең жиі анықталғандары:

заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет - 113 хаттама, сомасы 2 309 330 теңге;міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы бұзушылықтар - 90 хаттама, сомасы 27 111 140 теңге;дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы қағидаларын бұзу - 67 хаттама, сомасы 14 076 500 теңге;медициналық көмекті көрсету стандарттарын өрескел бұзу - 57 хаттама, сомасы 2 860 530 теңге;лицензиялық талаптарды бұзу - 55 хаттама, сомасы 8 322 544 теңге.
Жеке-жеке алғанда, тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, қолдану және жарнамалау бойынша 14 жағдай тіркелді. Айыппұл сомасы - 2 988 320 теңге.

Жабылған клиникалар және жабдықты тәркілеу
Айгүл Ысқақова Жамбыл облысында әкімшілік сот 10 стоматологиялық клиниканың жұмысын уақытша тоқтатқанын айтты:

ТОО "Реймбаев";
ТОО "Тартыков";
ТОО "Моки";
ТОО "Еркимбаева";
ИП "Хамза дент";
ТОО "Dental clinic Grace";
ИП "Бекетаев Б.С.";
ИП "Габибова Э.А.";
ТОО "Айымбекова";
ТОО "Mercury dent".

Медициналық жабдықтар мен препараттар тәркіленді, оның ішінде стоматологиялық қондырғылар, портатив рентген аппараттары, ультракүлгін камералар және дәрі-дәрмектер бар.
Сондай-ақ, МФБК жұмысты тоқтату және қызметкерлерді жұмыстан шеттету арқылы жедел ден қоюдың тоғыз шарасын қолданған:

Алматы облысында - ТОО "Стоматологическая клиника Кристалл";Атырау облысында - "Элит" және "Clinic 32" стоматологиялық клиникалары;Қостанай облысында - ИП "Досанова";
Павлодар облысында - ТОО "DiDi dent", "РАЗИЕВ ГАЛИМ ТАЛГАТОВИЧ", ТОО "Стом-Икс","АХМЕТОВ НУРЖАН СЕРЖАНОВИЧ";
Шымкентте - ТОО "Красивая Улыбка".

Елдегі стоматологиялық клиникаларды тексеру жалғасып жатыр. Жалпы тізімге 622 медициналық ұйым енгізілген. Айгүл Ысқақованың нақтылауынша, 2026 жылғы мамырдың аяғына дейін қалған клиникалар тексеріледі.
Контекст
Денсаулық сақтау министрлігінің тексеру жүргізуіне елордадағы даулы оқиға түрткі болды: жеке клиникада тістерін наркозбен емдеткеннен кейін үш жасар қыз бала қайтыс болған.Қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 қазанда болды. Әкесінің айтуынша, процедура жоспарланған үш сағаттың орнына 3,5 сағаттан аса уақытқа созылған. Сотта ер адам дәрігер-стоматолог баланың 18 тісін бір мезетте емдеуді ұйғарғанын, процедураны бірнеше кезеңге бөліп жүргізбегенін айтты.22 желтоқсанда сот айыпталушы анестезиологты Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі бойынша ("Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы") кінәлі деп таныды.
Оған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 3 жылға медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Алайда сот айыпталушыны Конституцияның 30 жылдығына байланысты амнистия туралы заңға сәйкес негізгі жазадан амнистия негізінде босатты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net