Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасы: екінші қызы бейнекамераға түсіп қалған

0

Атырауда жоғалып кеткен бір отбасының мүшелері әлі табылған жоқ. Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар ауыл маңын тінтіп, айналадағы өзен-көлді де сүзіп шыққан. Бірақ Мұқанғалиевтер әулетін көрдік-білдік деген жан жоқ. Есесіне, жоғалған отбасының мал-мүлкі сатылып кетіпті. Тіпті белгісіз сатушы еш саудаласпай, қалаған бағасына бере салған. Түскен ақша жоғалғандардың бірі әрі үй иесі Мақсот Мұқанғалиевтың есепшотына аударылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Бүтін бір отбасы ізім-ғайым жоғалған Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында соңғы бірнеше аптадан бері тұрғындардың тынышы кеткен. Жұр аралас-құралас жүрген жандардың жер жұтқандай жұмбақ жағдайда жоғалуына әлі сене алмай отырмыз дейді.

"Бұл кісілер ешкімге зияны жоқ, адал еңбегімен, малымен, зейнетақысымен күн көріп отырған. Екі баласы да зейнетақы алады, екеуінің де аяғы кем. Өзімен-өзі жүрген адамдар ғой. Аяқ астынан осындай төтенше жағдай болды. Түптеп келгенде, ешкім білмей қалды, көршілері де білмей қалып тұр. Кеше ғана 25-і күні арыз бергенді біліп тұрмыз. Ешкім ештеңе білмейді", - дейді ауыл тұрғыны Үсен Жолдасұлы.

Бір үйден жоғалған төрт адамды ауылдастары да өз бетінше іздеп жатқанын айтады. Бірақ әзірге еш нәтижесіз.
Отбасы мүшелері із-түзсіз кетіп, иесіз қалған үйге келдік. Қаңырап бос қалған шаңырақты қарашадан бері көршілері қарауылдап жүрген. Қазір бір хабар күтіп алаңдаған ағайын туысы жүр.
Жоғалған үй иесінің інісі Шалқар Мұқанғалиев қаладан келіп, ауылдағы жағдайды бақылауға алған. Оның айтуынша, бауырының баласы Наурыз Мұқанғалиевтің атынан белгісіз біреу 20 шақты ұсақ мал мен екі ірі қараны сатып үлгерген. Тіпті бағасын да қоймаған. Алайда барлық адаммен тек жазба арқылы сөйлесіпті.

"Неге іздемейді деп жазып жатыр ғой. Оның іздемеуіміздің себебі: Наурыздың бізбен мессенжер арқылы байланысқа шығып отырғаны. СМС-хат жолдап отырды. Анамыз ауырып қалды, сол үшін малды сатып жатырмыз деп. Ауыл азаматтарына шыққан, мал алады ау деген, өзіміздің ауылда көрші ауылдың адамдарына шыққан, бірақ ешкімге аудио жазбаған, видео-қоңырау соқпаған, тек мәтін жазған. "Үйде осындай мал бар, өзің қалаған бағаңа ал, маған ақша керек" деп", - деді туысы Шалқар Мұқанғалиев.

Ал жоғалған үй иесінің осы ауылда тұратын қарындасы Фарузат Кенжеғалиева малды жаппай сата бастағанда ғана "секем алдым" дейді. Сөйтіп бауырын іздей бастаған.

"Бұл үйде жеңгем алыс жолға барса, ағам үйде қалады. Ағам ешқашан бұл үйді тастап кетпейді. Ол мал-жанын тастамайтын адам. Кетіп бара жатса да, айтып кетеді. Менің бар білетінім, желтоқсанның 14-інен бастап қозғалдым. Бұл не себептен мал сатып жатыр? Бұл үйде неге көшіп жатыр? Бара-бара, үйді сата ма деген оймен қимылдадым. Оған дейін білген жоқпын. Наурыз деген баласы "мен алып кеттім, емдетіп жатырмын" деп, туған қарындасы Әдеміге айтқан", - дейді Фаризат Кенжеғалиева.

Тәртіп сақшылары 5 қараша күні Жангелдин ауылынан отбасының қыз-күйеуі және үйдегі қызы Мейрамгүл Қарабалиева ғана таксимен қалаға шығып кеткенін айтқан. Олар Индер ауданындағы жанармай бекетіндегі бейнекамераға түсіп қалған. Ал Мақсот Мұқанғалиев, Нәсіп Өтешқалиева және Наурыз Мұқанғалиевтың қайда екені әлі белгісіз. Полициямен бірге төтенше жағдай қызметкерлері де бірнеше күннен бері ауылда тінту, іздеу жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгін елді мекен іргесіндегі шағын көлге сүңгуірлер түсті. Сондай-ақ төтеншеліктер су асты дронын да жіберген.

"Іздестіруде Шадымантүбек, Қарасу, Бесмола, Бірмола учаскелері, тағы да басқа жерлер қаралды. Радиусы шамамен 20 шақырымдай жерлер. Сондай-ақ, бүгінде полиция департаментінің нұсқауымен Қарасу аумағы қаралып жатыр. Бұл жерде қазір сүңгуірлер және де су асты дроны жұмылдырылған", - деді Атырау облысы ТЖД басқармасының бастығы Жантөре Демешов.

Делсал күй кешкен туыстары "отбасын алып кетті" деген қыз бен күйеу баласы Ақбаян Мұханғалиева мен Сұлтан Сәрсенғалиевты құзырлы органдар елге неге алдырмай отыр деп наразы. Өйткені Наурыз Мұқанғалиевтың телефоны әлі қосулы, әлі желіде отыратынын айтады. Бірақ ешкімге жауап бермейді.
Айта кетейік, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында тұраын бір отбасының мүшелері 66 жастағы үй иесі мен оның 64 жастағы жұбайы Нәсіп Өтешқалиева, 35 жастағы қызы Мейрамгүл Қарабалиева және 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев қарашадан бері жоқ. Жұмбақ жағдайда ғайып болған төрт адамды іздеу әлі де жалғасып жатыр.
Дәл қазір келіп түскен ақпарат. Жоғалған үй иесі мен оның әйелі өлі күйінде табылды. Қос зейнеткерді өлтіріп, денелерін өз үйінің ауласындағы сарайға көміп тастаған. Қалғандарының жайы әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты егжей-тегжей ақпаратты полиция кейін таратуға уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net