Қоғамдық мәселе: панасыз жануарлардың жағдайы
Панасыз жануарлар мәселесі бүгінде қоғам үшін маңызды әлеуметтік әрі экологиялық проблемалардың біріне айналып отыр. Бұл мәселе тек жануарлардың әл-ауқатына ғана емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздік пен санитарлық жағдайға да тікелей әсер етеді.
Әлемдік жағдай
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, қазіргі таңда әлемде 200 миллионнан астам панасыз итбар. Ал панасыз мысықтардың саны одан да көп — шамамен 480 миллионға жуық деп есептеледі. Бұл жануарлар қалалар мен ауылдық аумақтарда бақылаусыз көбейіп, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында өмір сүруге мәжбүр. Еуропалық елдерде де жағдай күрделі. Сараптамалық бағалауларға сәйкес, Еуропада 100 миллионнан астам панасыз ит пен мысық көшелерде жүр. Көптеген мемлекеттерде жануарларды қорғау және олардың денсаулығын сақтау шаралары...
