Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2025

Алматы метросында жолаушылар өнерпаздардың өнеріне тәнті болды

0
Алматы метрополитенінде өнер майталмандары нағыз перфоманс ұйымдастырды. Вагондар мен бекеттерде Алматы туралы әндер шырқалып, алдағы Қала күнімен құттықтаған жылы лебіздер жолданды. Жолаушылар "Алматы әуендері" ұжымының ән-шашуына зор қошемет көрсетті. Әсіресе, туристер мерекелік көңіл-күйге ерекше таңданды.
"Абай" бекетінде "Арқайым" нео-этно-фолк тобы көмеймен ән айтып, ұлттық аспаптарда ойнады. Еске салсақ, бұған дейін аталған топ Мадридте сәтті өнер көрсетіп, аншлагпен концерт өткізген еді.

"Біз Алматыда сенбіден бастап жүрміз, алған әсеріміз керемет, тұмса табиғат, үнемі көмектесуге дайын мейірімді әрі жанашыр адамдар. Мұндай ерекше қойылымдар таңқалдырады, бұл шынымен ерекше әсер етіп, шабыт береді екен. Мен осы мерекені көзіммен көргеніме шексіз қуаныштымын. Ару Алматының Қала күні құтты болсын!", - деді Малайзиядан Қазақстанға келген метро жолаушысы Нантини Муниапан.


"Бауыржан Момышұлы" бекетінде дәстүрлі әншілер домбырамен қазақ халық әндерін орындады. Ал "Байқоңыр" бекетінде вагон іші күтпеген жерден концертке айналды, танымал композициялар орындалып, жолаушыларды шынайы қуанышқа бөледі.

Әр метро бекетінде музыкалық құттықтау айтылды. Алматы қаласы әкімі оркестрінің "Алмалы" бекетіндегі концерттік қойылымы нүктесін қойды. Музыканттар "Гүл Алматым" атты символикалық шығарма орындады.

Сонымен қатар, Алматы музейлері бірлестігі жолаушыларға жылжымалы фотокөрме ұсынды. Археологиялық артефактілер, зергерлік бұйымдар, спорт тарихының, ХХ ғасырдағы Алматының фотосуреттері, сондай-ақ көрнекті тұлғалардың музыкалық аспаптары жәдігер ретінде қойылды. Фотокөрме 21 қыркүйекке дейін жалғасады.
Анықтама
Алматыда 19 қыркүйекте Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында бірқатар ауқымды концерт өтеді, Сағат 18:00-де "Ән қанатындағы Алматы" дәстүрлі музыка кеші өтеді.
Сағат 19:30-да Абай алаңында "QAZAQSHA терапия" заманауи жобасы көрермендерге "Ғасырлар үні" театрландырылған спектакль-концертін ұсынады. "QAZAQSHA терапия" - бұл дәстүрлі қазақ музыкасының құдыретін көрермендерге паш етеді.
20 қыркүйекте сағат 18:00-де "Көктөбе" саябағында "Көктөбе опера – 2025" халықаралық классикалық музыка фестивалі өтеді. Бұдан бөлек Испаниядан келген тенор Энрике Феррер мен Жапониядан келген балерина Ариса Хашимото арнайы қонақ болады.
20 қыркүйекте сағат 16:30-да ҚБТУ алдындағы Астана алаңында Almaty Cover Show атты ірі музыкалық іс-шара өтеді. Кештің хэдлайнері Ninety тобы болады және басқа да әншілер өнер көрсетеді.
20-21 қыркүйекте сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Арбатта жыл сайынғы KitapFest фестивалі өтеді. Алпысқа жуық баспа мен кітап дүкені қатысатын жәрмеңкеде қонақтар кітапты жеңілдікпен сатып алып, жаңа басылымдармен танысып, авторлармен тілдесе алады.
21 қыркүйекте таңнан кешке дейін танымал артистердің қатысуымен концерт өтеді. Сағат 10:30-да сахнада Роза Рымбаева, аңызға айналған "Дос-Мұқасан" ансамблі және басқа да өнерпаздар өнер көрсетеді.
Сағат 17:00-де ҚБТУ алдындағы Астана алаңында "Aspan FM" музыкалық фестивалі басталады. Қала күніне орай көпшіліктің сүйікті радиостанциясы "Aspan FM" және қала әкімдігі танымал артистермен бірге алматылықтар мен қала қонақтарына ұмытылмас көңіл-күй сыйлайды. Фестиваль барысында артистер қызыл кілем үстімен жүріп өтеді. Сахнада танымал топтар және басқа да орындаушылар өнер көрсетеді.
21 қыркүйекте сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде ауқымды Digital Fest Almaty цифрлық фестивалі өтеді. Мәдениет саласындағы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу барысында жасанды интеллект құралдары күн санап кеңінен қолданылып келеді, ал мұндай мереке қала тұрғындарын жаңа цифрлық шешімдермен таныстыратын бірегей алаңға айналуда. Биыл да дәстүрге сай Панфилов көшесі инновация орталығына айналып, әрбір жан цифрландырудың мүмкіндіктерін көріп, сезіне алады. Қонақтарды "Болашақ сферасы", "Цифрлық алма", VR-көзілдірігі арқылы түрлі ойындар, "Калейдоскоп" фотозонасы және басқа да қызықты digital-алаңдар күтеді. Панфилов көшесінде робот-суретші қонақтардың портретін салады, робот-фотограф пен робот-оператор мерекелік атмосфераны нақты уақыт режимінде түсіріп отырады. Осындай цифрлық кейіпкерлер фестивальді көрнекі ғана емес, барынша интерактивті етеді. Фестиваль отбасыны, жастар мен технология саласының мамандарын және бүгіннен-ақ болашақ әлеміне қадам жасағысы келетіндерді біріктіреді.
21 қыркүйекте сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Тұңғыш Президент саябағында Alma Fest-2025 фестивалі өтеді. Дәстүр бойынша саябақ аумағы жеміс пен ұлттық дәстүрлердің ауқымды мерекесіне айналады. Қонақтар үшін алма жәрмеңкесі, этно-аймақ, қолдан жасалған ерекше базар, гастрономиялық алаңдар, балмұздақ фестивалі, сондай-ақ ашық аспан астындағы кинотеатр және т.б. ұйымдастырылады. Айтпақшы, фермерлер жәрмеңкеге 100 тонна алма әкелді. Бұл күні саябақта Тұрар Ыдырыс, Медеу Арынбаев, аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" ансамблі және басқа да танымал артистер өнер көрсетеді.





Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net