Добавить новость
123ru.net
World News in Kazakh
Июнь
2025

Иран басылымы: Эвин түрмесіне Израиль жасаған шабуылдан 71 адам қаза тапқан

0

2025 жылғы 23 маусымда Израиль Тегерандағы Эвин түрмесіне жасаған шабуыл салдарынан 71 адам қаза тапқан. Мұндай деректі Иранның сот билігінің өкілі Асғар Жахангирдің сөзіне сүйеніп, ирандық Mizan ақпарат агенттігі хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, қаза тапқандар арасында тұтқындар және олармен кездесуге барған туыстары, әкімшілік қызметкерлері, әскерге шақырылғандар және көршілес үйлердің тұрғындары бар. Жахангир тағы бірнеше адам жараланды деп айтқан.

23 маусым күні Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) авиациясы Иран астанасына шабуыл жасаған еді. Израильдің бұқаралық ақпарат құралдары ол кезде авиация Эвин түрмесінің қақпасына "символды соққы" жасаған деп хабарлады. Бұл түрме саяси тұтқындар, журналистер, белсенділер мен шетел азаматтары қамауда отырған, ең қатаң күзетілетін мекеме ретінде белгілі.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац шабуыл нысанасына Иран астанасының қақ жүрегіндегі "режим нысандары мен үкіметтің репрессиялық құрылымдары" алынды деп мәлімдеген.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Эвин түрмесінде шетел азаматтары, соның ішінде екі француз азаматы да қамауда отыр. Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро осы шабуылдан кейін X әлеуметтік желісінде түрмеге жасалған бұл соққы француз азаматтарының өмірін қауіп төндіргенін айтып, "бұл – мүлде орынсыз", – деп жазды.

13 маусымда Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс шырқау шегінен асып, Израиль Ирандағы ядролық және әскери нысандарға шабуылдар бастаған, салдарынан Иранның ядролық бағдарламасына қатысы бар ғалымдар мен әскери басшылығының өкілдері қаза тапты. Израиль бұл операцияның мақсаты – Иранды ядролық қару жасау мүмкіндігінен айыру деп мәлімдеді. Иран шабуылға қарымта ретінде Израильге зымырандар атты.






Загрузка...


Губернаторы России

Спорт в России и мире

Загрузка...

Все новости спорта сегодня


Новости тенниса

Загрузка...


123ru.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.


Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире




Путин в России и мире

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net