Алматыда балабақша ваучерін қалай алуға болады?
1 шілдеден бастап Алматы қаласында мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 бұйрығымен бекітілген өңірлердің Пилоттық жобаға көшу кестесіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі.
Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты — мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, бәсекелестікті күшейту және ата-аналарға балабақша таңдауда еркіндік беру.
Ваучерлік жүйе арқылы ата-аналар мемлекеттік те, жекеменшік те балабақшалардың қызметтерін төлеуге мүмкіндік алады. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап ата-аналар мектепке дейінгі білімге арналған ваучерлер ала алады. Алматы қаласында бағдарламаға 988 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде:o 196 — мемлекеттік балабақша,o 792 — жекеменшік;Ұйымды таңдау бос орынның болуына байланысты жүзеге асырылады. Ваучер рәсімдеу электронды https://balabaqsha.snation.kz/ порталы арқылы жүргізіледі.
Бағдарламаның мақсаттары:● Мектепке дейінгі білімнің барлық әлеуметтік топтар үшін қолжетімділігін арттыру;● Ата-аналардың таңдау еркіндігін қолдау және білім беру қызметтерінің икемділігін арттыру;● Мектепке дейінгі білім беру саласында жекеменшік секторды дамыту;● Бәсекелестік пен қаржыландырудың ашықтығы арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту. Қалай жұмыс істейді?1. Ата-аналар https://balabaqsha.snation.kz/ электронды порталы арқылы ваучер алу үшін өтініш береді;2. Ваучер баланың балабақшада болу құнының бір бөлігін жабады;3. Қаржыландыру балабақшаға тікелей баланың баруын растағаннан кейін беріледі;4. Бағдарламаға қатысатын жекеменшік балабақшалар белгіленген сапа стандарттарына сай болуы керек.Бағдарламаға қатысу үшін ресми порталға https://balabaqsha.snation.kz/ кіріп, ваучер алу үшін өтініш беру қажет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
